• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Мамыр, 2020

Маңғыстауда коронавирус инфекциясын 73 жастағы тұрғын жұқтырған

377 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында COVID-19 вирусын жұқтырған 1 адам анықталды. Ол 73 жастағы Карақия ауданы, Сенек ауылының тұрғыны. Бұл кісі коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы қойылды. Казіргі уақытта науқас Жаңаөзен қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған. 01.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде 49 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды.