• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтан: Онлайн қабылдауда азаматтар қандай сұрақтар қойды

174 рет
көрсетілді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов кезекті рет азаматтарды онлайн-форматта қабылдады. Қала тұрғындары тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, өз ісін ашу (антисептиктер өндірісі) мәселелерін көтерді.

Сонымен бірге, азаматтар құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау мәселесін көтерді. Биыл елордада құрылысы ұзаққа созылған үй саны саны 20-ға азаяды. 8 мыңға жуық үлескер өз пәтерлерін алады. Өткен жылы 2,5 мың үлескері бар 10 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді.

Әрбір үлестік құрылыс нысаны бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді. Азаматтарды онлайн-форматта қабылдау тұрақты негізде өткізіледі. Сұрақтардың бір бөлігі сол жерде шешілді, қалғандары жоспарға алынды.