• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Коронавирус 02 Мамыр, 2020

Ақмола облысы: Науқас вирус жұқтырған адаммен байланыста болған

147 рет
көрсетілді

Целиноград ауданының 1971 жылғы тұрғыны коронавирус жұқтырды.

Науқас Нұр-Сұлтан қаласында вирусты жұқтырған адаммен жақын байланыста болғаны үшін оқшауланған, Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылады. Санитарлық қызмет мамандары байланыс жасаған адамдарды анықтау үшін санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру шаралары жүргізілуде.

Облыс стационарларында 316 науқас емделіп жатыр, оның ішінде провизорлық стационарда ‒ 64, карантиндік стационарда ‒ 224, жұқпалы аурулар стационарында ‒ 28. Үй карантинінде ‒ 723 адам.

Ақмола облысында вирусты жұқтырған 100 адамның 88-і Целиноград ауданында, Аршалы ауданы мен Көкшетау қаласында ‒ 4 адамнан, Шортанды ауданында 2, Ақкөл және Егінді аудандарында ‒ бір-бір адамнан.