• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Президент 02 Мамыр, 2020

Вьетнам, Иран, Сербиямен сауда келісімдері бекітілді - Президент

154 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы «МИР» телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аясындағы посткеңестік кеңістіктегі экономикалық және басқа да байланыстардың нақты жақтасы болып қала беретіндігін айтты.

«Вьетнам, Иран, Сербиямен сауда келісімдері бекітілді. Мысырмен және Үндістанмен дәл осындай келісім орнату мәселелері шешіліп жатыр. Жақында ғана ЕАЭО құрамына бақылаушы ретінде Сингапур енгені белгілі. Біздің Тұңғыш Президентімізге тиесілі осынау еңбекті ескере келе, Владимир Владимирович Путин Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы атағын берді. Мұны кеңестің барлық мүшесі мақұлдады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.