• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Ақпан, 2021

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

701 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 2-4 ақпанға арналған ауа райы болжамын хабарлады.

«Атлантикалық циклонның жырасы Қазақстан аумағы бойынша батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, өзімен бірге жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюін, сондай-ақ солтүстік жартысында ауа температурасының көтерілуін әкеледі. Оңтүстік өңірлер биік жотаның әсерінде болады, ол жауын-шашынсыз күн шуақты ауа райын әкеледі», делінген хабарламада.