• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 03 Мамыр, 2020

Жексенбі: Алматыда 38 адамнан коронавирус анықталды

345 рет
көрсетілді

3 мамыр сағат 17.00-де Алматы қаласында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 1278 жағдайы тіркелді.

Жаңа жағдайлар – 38. Оның ішінде үш науқас үй ошағында, қалғандары вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар.

Вирусы жаңадан расталған адамдармен байланыста болғандар анықталды және карантинге орналастырылды.

Жұқпалы аурулар стационарларында Covid-19 вирусынан бүгінгі күні 1111 пациент емделуде.

2 адамның жай-күйі өте ауыр, 25 адамда – ауыр, 263-інде ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында – қанағаттанарлық.

Кешегі күні Алматыда коронавирустық инфекциядан 30 адам және бүгін 17 адам сауығып емдеуден шығарылды.

Мегаполисте тәулігіне емдеуден шығарылғандар саны 47 адамды құрайды.

Бүгін Орталық қалалық клиникалық аурухананың 9 медицина қызметкері және вирус жұқтырған адаммен байланыста болған 8 адам, кеше Орталық қалалық клиникалық аурухананың 15 медицина қызметкері, 1 санитарлық дәрігер, 2013 жылы туған 2 бала, №17 қалалық емхананың 1 медицина қызметкері және вирус жұқтырған адаммен байланыста болған 11 адам емдеуден шығарылды.

Қазіргі уақытта Алматыда жалпы 159 науқас емдеуден шығарылды.