• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Қыркүйек, 2013

Ауыр атлеттер әлем чемпионатына аттанды

333 рет
көрсетілді

Бүгін Польшаның астанасы – Варшава қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталады. Бұл жаһандық додада еліміздің ерлер және әйелдер құрамалары да медальдарды сарапқа салады.

Қазақстан бас командасының Алексей Ни мен Энвер Түркелери бастаған жаттықтырушылар алқасы байрақты бәсекеде күш сынасатын атлеттерді іріктеп алып, бұрнағы күні поляк жеріне аттанды. Ерлер құрамасы сапын бұл жолы Арли Чонтей, Тимур Хасаров (56 кг), Альберт Линдер (69 кг), Алмас Өтешов, Владимир Седов (94 кг), Сергей Истомин (105 кг), Ибрагим Берсанов, Селимхан Абубакиров (+105 кг) сынды тарландар құрады. Ал Ескендір Момынбеков 105 килоға дейінгі салмаққа резерв ретінде алынды. Әйелдер үздік тобына Галина Мамотова (48 кг), Маргарита Елисеева (53 кг), Сәуле Садуақасова (58 кг), Карина Горичева, Кристина Крахалова (63 кг), Жазира Жаппарқұл (69 кг) және Мария Грабавецкая (+75) енді. Сондай-ақ, Анастасия Халикова мен Гүлназ Наурызованың бірі 69 килоға дейінгі салмақта резервке қойылады.

Руслан ИГІЛІК.

Соңғы жаңалықтар