Елімізде әскери борышын өтеуге шақырылатын сарбаздар короновируске тест тапсырады. Бұл жөнінде Қарулы Күштер Бас штабының Ұйымдастыру және жұмылдыру жұмысы бөлімінің бастығы Сәкен Жүсіпов айтты.
– Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша, Қарулы Күштер мерзімді әскери қызметтен босатылатын әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар практикалық шараларды жоспарлап, жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдар мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды ПТР тестілеуінен өткізуі керек, сонымен қатар әскерге шақырылушыларды хабарлау және жинау, жиналу орындарында, медициналық тексеруден өткізіп, әскерге жіберу кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етуі керек, – деді Сәкен Жүсіпов.