Аграрлық несие корпорациясы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруды 35 күн ішінде аяқтады, 2 405 фермер жылдық 5% есеппен 70 млрд теңге алды. Мемлекеттік қолдауға ие болғандардың 95% -ы - шағын және орта бизнес өкілдері. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Егіс маусымына дейін фермерлердің айналым қаражатын толтыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылдарға салыстырғанда республикалық бюджеттен 10 млрд теңге артық қаражат бөлінді. Сондай-ақ, қаржыландырудың жеңілдетілген ставкасы 5% -ға дейін төмендетілді.
Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты шектеулерге қарамастан, Аграрлық несие корпорациясы фермерлерді қаржыландыруды қысқа мерзімде - егіс маусымына дейін аяқтады. Мемлекеттің көмегін 2 405 фермер алды, олардың көпшілігі Түркістан облысындағы шағын шаруалар.
«Кең дала» бағдарламасына қатысуға өтініш берген фермерлердің 126-сы 100 млн. теңгеден астам қаржыға ие болды. 194 фермерге орташа есеппен 574 млн теңге берілді.
Мемлекеттік көмек алғандардың 90%-ы - шағын шаруа қожалықтары. 2085 фермер орташа есеппен 6,1 млн теңге алды. Бұл ретте ең аз несие 600 мың теңгені құрады. Аграрлық несие корпорациясы шағын фермалардан келіп түскен өтініштердің саны бес жүз артқанын атап өтті.
АШТӨ аймақтар бойынша қаржыландыру:
Облыс
АШТӨ
саны
Аудан, га
Сома, мың тенге
%-дық үлесі
Ақмола
265
840 018
20 915 937
30%
Ақтөбе
13
103 286
818 400
1%
Алматы
77
47 915
1 735 831
2%
Атырау
0
0
0
0%
ШҚО
51
86 634
3 195 734
5%
Жамбыл
40
11 756
288 420
0%
БҚО
38
60 937
932 149
1%
Қарағанды
73
169 090
2 623 196
4%
Қостанай
251
999 621
17 889 463
26%
Қызылорда
24
2 954
376 650
1%
Маңғыстау
0
0
0
0%
Павлодар
55
139 410
2 132 058
3%
СҚО
251
857 813
14 970 681
21%
Түркістан
1 267
55 565
4 121 482
6%
Жалпы
2 405
3 374 990
70 000 000
100%
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасында қосымша көмек қарастырылғанын атап өткен жөн. Оған өтініштер қабылдау басталып кетті.
Қосымша 100 миллиард теңге де Аграрлық несие корпорациясы арқылы беріледі. Қарыз алушылар үшін пайыздық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-ды құрайды, сондай-ақ, барлық дақылдарды егу үшін қаржыландыру қол жетімді болады.