Парламент Мәжілісінің бюросында палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын мәселелер белгіленді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Парламент Мәжілісінің бюросында палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын мәселелер белгіленді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Депутаттар қарауына қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі Қазақстан–Люксембург үкіметаралық конвенциясын ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылмақ. Күн тәртібінің жобасына, сондай-ақ, еңбек көші-қоны мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер (екінші оқылым) енгізіліп отыр.
Палатаға бірқатар ратификациялық заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындау ұсынылған. Олар айрықша жағдайларда Біртұтас кедендік тарифтің мөлшерлемелерінен ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы және Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы үкіметаралық келісім туралы деп аталады.