• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Экономика 05 Мамыр, 2020

Жинақ депозиттер мерзіміне қарамастан ең табысты салымдар болып қала бермек

163 рет
көрсетілді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша маусым айына ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелердің бекітілгенін хабарлайды. Депозиттердің барлық түрлері бойынша мөлшерлемелер қайта қаралды.  

Мерзімсіз және қысқа мерзімді депозиттер бой       ынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері депозиттердің осы тобына қатысты мөлшерлемелердің бірқалыпты төмендеуі аясында қайта қаралды.

Осының нәтижесінде теңгедегі мерзімсіз депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме маусым айында 11,0 пайызды құрайды. 3 және 6 айға арналған мерзімді депозиттердің толықтыруға болатын түрі бойынша – 11%, ал толықтырылмайтын түрі – 11,5%. Сондай-ақ осы мерзімге арналған жинақ депозиттердің толықтырылатын түрі – 12,0%, толықтырылмайтын түрі – 12,5%.

12 және 24 айға шақталған ұзақ мерзімді салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелер төмен қарай да жоғары қарай да өзгерді. Бұл салымдар бойынша пайыздар орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі негізінде есептеледі.  

Мерзімі 12 ай, толықтыру мүмкіндігі бар жинақ депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелер маусым айында 12,8 пайызға дейін төмендейді. Ал толықтыру мүмкіндігі бар, 12 және 24 айға салынатын мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер сәйкесінше 10,5% және 10,3%-ға дейін, толықтыру мүмкіндігі жоқ түрлері бойынша – 11,2% және 11,1%-ға дейін төмендейді.

Толықтыру мүмкіндігі бар ұзақ мерзімді салымдар бойынша мөлшерлемелердің төмендеуі  толықтыру құқығының құнын қайта қарауға байланысты орын алып отыр. ҚДКБҚ оны Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің өзгергендігін және соның нәтижесінде мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық ауытқымасында орын алған өзгерістерді назарға ала отырып, Әдістемеге[1] сәйкес өзгертті. 

 

Толықтыру құқығы бар, мерзімі 24 ай болатын жинақ депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелер – 12,9%-ға дейін, ал толықтыру құқығы жоқ, мерзімі бір және екі жылға арналған түрі бойынша – 14,9%-ға дейін жоғарылайды.

 

Жалпы маусым айында барлық мерзімге арналған жинақ депозиттер банк клиенттері үшін өзінің тартымдылығын сақтайды және басқа кез келген салымға қарағанда (12%-дан 14,9%-ға дейін) үлкен табыс  әкеледі.

 

Депозиттің санаты

Толықтырылатын депозиттер бойынша, %

Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, %

2020 мамыр

2020 маусым

2020 мамыр

2020 маусым

Мерзімсіз депозиттер

12,0

11,0 ▼

12,0

11,0 ▼

Мерзімді депозиттер

3 ай

12,0

11,0 ▼

12,5

11,5 ▼

6 ай

12,0

11,0▼

12,5

11,5 ▼

12 ай

10,7

10,5▼

12,2

11,2▼

24 ай

10,8

10,3▼

12,9

11,1 ▼

Жинақ депозиттер

3 ай

13,0

12,0▼

13,5

12,5 ▼

6 ай

13,0

12,0 ▼

13,5

12,5 ▼

12 ай

13,0

12,8▼

14,7

14,9 ▲

24 ай

12,6

12,9▲

14,8

14,9 ▲

 

 

 

АЛМАТЫ