Коронавирус инфекциясынан 23 елде 55 БАҚ қызметкері қайтыс болды. Оның үшеуі Ресейден деп хабарлайды «Интерфакс» Ресей Журналистер одағының төрағасы Владимир Соловьевтың сөзіне сілтеме жасап.
Ресейде аталмыш инфекцияны 100 журналист жұқтырған. Оның 45-і федеральды БАҚ журналистері болса, 60-сы түрлі аймақтардың журналистері. Соловьевтің сөзіне қарағанда олардың көпшілігінде аурудың симптомдары білінбеген. Дәл қазіргі кезеңде Ресейде 500-ден аса журналист үйде карантинде отыр.