• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Мамыр, 2020

ANTIСOR.LIVE: Жер қатынастары саласындағы жемқорлық мәселесі талқыланды

170 рет
көрсетілді

«ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев пен қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы Б. Әшірбековтың қатысуымен кездесу өтті.
Тікелей эфир барысында Талғар Серікбаев жер қатынастары басқармасының қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тоқталды.   «Тек өткен жылы ғана азаматтарға 6 мыңнан астам (6370) мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Сонымен қатар, олардың барлығы қызметкерлердің азаматтармен тікелей байланысы арқылы көрсетіліп, тек 11 мемлекеттік қызмет электрондық түрде жүзеге асырылған» - деп атап өтті Т.Серікбаев.   Сонымен қатар, талдау көрсеткендей, бұл мемлекеттік қызметтерді ұсыну кезінде оларды көрсету мерзімі бөлігінде жүйелі бұзушылықтар орын алған. Жекелеген мемлекеттік қызметтер бойынша 80 және одан да көп күнге дейінгі мерзімдер бұзылған.    Талдау барысында жер туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша заңнама нормаларының сақталуына назар аударылды.   Спикердің айтуынша бүгінде мегаполисте shymkent.genplan.kz электронды картасы бар. Оның жұмысын талдау барысында аталған ресурста азаматтар мен бизнес үшін өзекті, расталған және пайдалы ақпаратты алуға толыққанды қол жеткізу қамтамасыз етілмегенін көрсетті. Жер учаскелерін алған тұлғалардың тізімі, олардың нысаналы мақсаты, ауданы, орналасқан жері және тағы басқа да ақпараттар тұрақты негізде жаңартылмайды. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған. Оларды жүргізу кезінде Басқармамен сатып алынатын тауарлар мен қызметтерге бағалар айтарлықтай жоғарылатылған. Кейбір лоттардың сомасы 50%-дан 80%-ға дейін жоғарылатылған.   Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша кешенді шаралар қабылдау, сондай-ақ бизнес-процестерді жақсарту бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, жер комиссиясының жұмысын онлайн-форматқа көшіру, арнайы геопорталды енгізе отырып жер туралы ақпараттың ашықтығы мен қол жетімділігін, мемлекеттік сатып алу кезінде бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін қамтамасыз ету ұсынылды.   «Біз азаматтар жер мәселелері бойынша шешімнің қалай қабылданатынын көруге және білуге тиіс деп санаймыз» - деді спикер.    Жалпы алғанда, талдау нәтижелері бойынша Жер қатынастары басқармасына іс-шараларды орындаудың нақты мерзімін көрсете отырып тәуекелдерді жою бойынша Жол картасын әзірлеу ұсынылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі уәкілетті орган ретінде жағдайды одан әрі бақылайтын болады. Сонымен қатар, Берік Әшірбеков Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды қамтамасыз ету және комиссия жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жоспарлары туралы хабарлады. Айта кету керек, өткен жылы Жер қатынастары басқарманың басшылық лауазымындағы 2 тұлға сотталған болатын.   Шымкент