• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Мамыр, 2020

Алматыда індет жұқтырғандардың 77 пайызының ауруы жеңіл өткен

144 рет
көрсетілді

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев бүгінгі баспасөз брифингінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 77%-да  ауру жеңіл түрде өткендігін хабарлады.

«Алматыда өлім-жітім көрсеткіші 0,6% құрайды. Ауруханаға жатқызылғандардың арасында ауыр халдегі науқастар саны соңғы уақытта көбейген жоқ. Алматыда коронавирустық инфекциядан 210 адам сауығып,  емделіп шықты. Олардың ішінде 23 медицина қызметкері бар», - деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Президенттің тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтіліп, жұқпалы стационарлар саны 9 жеткен. Ол жерлерде 1940 адамды қабылдауға арналған төсек-орын дайын тұр.  Ал провизорлық емдеуге жатқызу үшін 909 төсек-орынға арналған 12 стационар, карантиндік емдеуге жатқызу үшін 1392 төсекті қамтыған тағы 9 стационар дайындалған.

«Медициналық бақылауда 12 665 алматылық бар. Оның ішінде 312-і провизорлық стационарда, 345-і карантиндік госпитальдарда, 2 008-і үй карантинінде. Мегаполисте COVID-19 дер кезінде анықталуының дәлелі науқастардың 77 пайызының денсаулығы қанаттанарлық және олардың ауруы жеңіл симптомсыз өтуде», - деді Басқарма басшысы.

 

 

 

АЛМАТЫ