• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Мамыр, 2020

Алматыда жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 47 жаңа нысан салынады

237 рет
көрсетілді

Алматы қаласында Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 214 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Оның ішінде келесі жұмыс түрлері мен нысандар:

1. әлеуметтік-мәдени объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту;

2. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту;

3. инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту және салу;

4. елді мекендерді абаттандыру.Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында жұмыссыз жастар үшін басымдықты Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалдамалы жұмысшылардың кемінде 50%-ы болатын 26 мың жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аяқталғаннан кейін жаңа нысандар салу арқылы 2045 тұрақты жұмыс орны құрылады.

Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру нәтижесінде 47 жаңа нысан, оның ішінде 31 әлеуметтік нысан салынады.Өтініш беру үшін (өтініш берушілер мен жұмыс берушілерге) Жұмыспен қамту орталығының сайты (http://cz-almaty.kz/) жұмыс істейді, онда қабылданған шаралар туралы толық ақпарат бар, өтініш беруге сілтеме де бар.Жол картасы аясында жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін 6 408 адамнан түйіндеме қабылданып үлгерген. Оның ішінде 708 адам - құрылыс алаңдарында жұмыс істеу үшін өтініш жолдаған.

Барлығы 12 жоба тіркелген болса, 468 жұмыс орны ашылған. Әзірге тіркелген жұмыссыздардың ішінде 38 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.