• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Мамыр, 2020

Коронавирустан қайтыс болғандар саны 30-ға жетті

227 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.

 

«Қазіргі уақытта барлығы 4 298 науқас тіркелген. Оның жартысы Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында. Оның 1 279 науқас емделіп, жазылып шықты. Қазіргі уақытта стационарда 2 897 сырқат ем алуда. Олардың 85 пайызы қалыпты жағдайда. 14 пайызы орташа қалыптағы жағдайы және 25 сырқатта ауыр жағдайда. 6 сырқат өте ауыр жағдайда. Оның ішінде 7 сырқат жасанды демалу аппаратына қосылған» деді ол.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирустан қайтыс болғандар саны 30-ға жетті.