Қытай Халық Республикасының билігі бүгіннен бастап коронавирустың таралу деңгейі төмендегенін хабарлады.
Қытайдың барлық аймақтары эпидемиологиялық қауіптілік деңгейін барынша төмендетті. Вирусты жұқтыру көрсеткішінің айтарлықтай қысқаруына байланысты осындай шешім қабылданды.
Қытайдың Орталық телевизиясы хабарлағандай, бұл елде эпидемиологиялық қауіп деңгейі жоғары және орташа бірде-бір аймақ қалмаған.