Түркістан облысы Мақтарал ауданында төтенше жағдай жариялануына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсету бойынша бірқатар шаралар қабылдануда.
Алматы қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының төрағасы Б.Сағынтаевтың бұйрығымен бірқатар гуманитарлық көмек жиналды. Бұл бастамаға партияның депутаттық фракция мүшелері – депутаттар, қатардағы партия мүшелері және көмек қолын созғысы келетін азаматтар да үн қосты.
Елбасының бастамасымен қолға алынған «BizBirgemiz» акциясының аясында Алматы қаласының әкімдігі және «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы гуманитарлық көмек жіберуді жоспарлап отыр.
Аталған көмектің алғашқы легі ертең жүк көліктеріне тиеліп Түркістан облысына жол тартатын болады.