• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2013

Кедендік әкімшілендіру жетілдіріледі

310 рет
көрсетілді

Кеше Мәжілісте «Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру» тақырыбында Үкімет сағаты өтіп, онда Қаржы министрі Болат Жәмішев баяндама жасады. Министр өз сөзінде 2013 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша бюджеттің кірісіне 855,5 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтар түскендігін ерекше атап кетті.

 

Кеше Мәжілісте «Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру» тақырыбында Үкімет сағаты өтіп, онда Қаржы министрі Болат Жәмішев баяндама жасады. Министр өз сөзінде 2013 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша бюджеттің кірісіне 855,5 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтар түскендігін ерекше атап кетті.

Министрдің мәліметіне қара­ғанда, кедендік әкімшілен­ді­рудің тиімділігіне ықпал ететін аса күрделі сыбайлас жемқорлықты, қиын әкім­ші­лендірілетін мәселелер айқын­далған. Кеден одағы Біртұ­тас кеден тарифінің (БКТ) бар­лық номенклатурасы 11 352 тарифтік желіден (тауар кодтарынан) тұрады. 2013 жыл­ғы 1 қыркүйектен бастап БКТ-да 5 223 СЭҚ ТН тауар кіші субпозициясы (46,3%) бо­йынша өзгерістер болды. Қолданыстағы тауар номенклатурасында мұнай өнімдерінің 91 түрі бар, олардың тек 52 түріне ғана экспорттық баж салынады. Қандай тауарға мөлшерлеме белгіленгендігін сырттан айқындау мүмкін емес, деген Б.Жәмішев 2015-2016 жылдарға арналған құрылыс жұмыстарына айтарлықтай көлемде қаржы көзделгендігін алға тартты. 2009-2012 жылдар аралығында есірткіге және есірткі бизнесіне қарсы күрес шеңберінде 12 810 600,5 мың теңге сомасына кедендік бақылаудың техникалық құралдары сатып алынғаны ерекше атап өтілді.

2013 жылы 9 бірлік рент­гентелевизиялық жабдықты са­тып алу жоспарлануда, деген министр 2014 жы­лы кедендік бақылаудың тех­ни­калық құралдарын сатып­ алуға 80 549 мың теңге сомасында, санитарлық-каран­тиндік бақылау шеңбе­рін­де жабдық сатып алуға 121 500 мың теңгелік шы­ғыс­тар қарастырылып отырыл­ғандығын алға тартты. Кө­ліктік логистикалық орта­лық құрылысы бойынша­ әлеуетті жеткізушілер «EURO­TRAN­SIT TERMINAL», «EAT» АҚ, «GTI» АҚ, «КТЖ» ҰК» АҚ, «Форпост инвестиции и развития» ЖШС сияқты ком­паниялар болып табыла­ды. Қазіргі уақытқа КО сыртқы шекарасындағы 17 автомобиль өткізу пунктінде 42 532 транзиттік декларация ре­сімделген. Комитет бір ХЖТ кітабы бойынша кепілдік сомасын халықаралық жүк тасымалын арттыра отырып, жүктердің сақталу кепілдігінің деңгейін арттыратын 100 000 еуро мөлшеріндегі «TIR+» транзитінің қосымша кепілдік ваучерлерін пайдалану арқы­лы 160 000 еуроға дейін кө­теру мәселесін пысықтады. Тәуе­кел­дерді басқару жүйесінің қол­дану үдерісін автоматтан­дыру мақсатында 2011 жылдың басында «ТБСБ» деп аталатын «Электронды кеден» авто­маттандырылған жүйесі компоненті енгізілді, деді Б.Жәмішев.

Электронды декларация­лау ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмысты қаржы­лан­дыру Халықаралық Қайта құру және даму банкімен бірлесе Қазақстан Кеден қыз­метін дамыту жобасы шеңберінде жүзеге асыры­лады. Қазір­гі уақытта «Кедендік әкімші­лендіру мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы әзірленіпті. Электронды декларациялауды енгізу бөлігінде заң жобасында электронды декларациялау кезінде ұсынылатын құжаттардың тізбесін қыс­қарту, құжаттардың электронды нысанын пайдалану мақсатында декларациялау, кеден қызметінің ақпараттық жүйесінде декларант және лауазымды тұлғалар жүргізетін әрекеттер жөніндегі ұғымға және нормаға түзету енгізу көзделеді.

Қосымша баяндама жа­саған палатаның Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова кеден органдарында әлі де «бір терезе» қағидаты орындалмай отырғандығына назар аудартты. Бизнес қауымдастығы осы ретте кедендік ресім­деудің жеделдетілмей отыр­ғандығына шағымдануын тоқтата қойма­ған. Депутат сондықтан да мемлекеттік қызмет көрсету тізбесін ке­ңейту қажеттігін қарастыруды алға тартты.­ Басқа елдердің кедендік ақ­параттық жүйе­лерімен интеграция орнатқан дұрыстығын ортаға салды. Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2013» рей­тингі бойынша Қазақстан «Халықаралық сауда» ком­поненті жөнінен 185 елдің ішінде 182-ге тұрақтапты. Аталған ұйым мәліметтері көрсеткендей, Қазақстан тауарларды экспорттау үшін 9 құжат және 81 күн қажет екен. Ал Грузияда экспорт үшін бар-жоғы 4 құжат және 9 күн жетіп жатыр. Импорт үшін елімізде 12 құжат және 69 күн қажет болса, Грузияда сол деңгей сақталыпты. Барлығын қосқанда, яғни импорт пен экспорт үшін 83 рұқсат беру құжаты қажет екен.

Жалпы, отырыс барысында депутаттар көптеген сұрақтар қойып, өздерінің пікірлерін о

Соңғы жаңалықтар