• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Мамыр, 2020

Алматы ХҚО-лары енді мүлде жаңа форматта қызмет көрсете бастайды

514 рет
көрсетілді

Алматыда мамыр мерекелерінен кейін Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады. Алайда, ХҚО енді бұрынғыдай жұмыс істемейтіні қазірдің өзінде белгілі болды.

ХҚКО жұмысы қалай өзгереді, қазіргі уақытта жаңа форматқа көшу бойынша қандай дайындық шаралары жүргізіліп жатыр, азаматтар нені білуі тиіс? Осы және ХҚО-ның жаңа жұмыс форматы туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев баяндайды.

– Данияр Батанұлы, Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары төтенше жағдай режимінен кейінгі қызметінде қандай нақты өзгерістер жүреді?

– Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары Төтенше жағдай режимі аяқталған соң жұмыс істейді.  Алайда, вирустың таралу қаупі мен тұрғындардың өмірі мен денсаулығына алаңдаушылықтың сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданған болатын.

Өзгерістер ХҚКО-да көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне ғана емес, оларды ұсыну форматына да қатысты болады. Егер рет-ретімен айтар болсам, біріншіден, енді алматылықтар ХҚО-да электронды форматта қолжетімсіз, тек «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтер (мысалы, жеке куәлікті, төлқұжатты ауыстыру,  зейнетақы төлемдерін тағайындау),  мен egov.kz арқылы рәсімделген өтініштердің нәтижесін алу үшін ғана келе алады. Екіншіден, енді ХҚО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады.

Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын бұрынғыдай ХҚО ғимараттарында емес, тек өздігінен немесе әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда мен басқа жерде орналастырылатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады.

Қазіргі күні ондай мекемелермен келіссөздер жүргізіліп, өз-өзіне қызмет көрсету секторларын ашу жұмыстарымен айналысудамыз. Сонымен қатар, бұрынғыдай ЭСҚ-ны ХҚО-да бермейді, тек eGov.kz порталы арқылы алынады.

Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды, қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейді.

– Мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа форматына көшуде қандай дайындық жұмыстары жүргізіліп отыр?

– Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа форматына көшу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін Бірқатар фронт офистер жаңа форматқа лайықталып қайта жаңартылды. Бөлімдер қажетті оргтехникалармен, дербес компьютерлермен, вэб-камералармен, сип-телефондармен және жұмысты ұйымдастыру үшін қажетті құрал-саймандармен жабдықталды.

Бөлімдерде жиналуды және тазалық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында қызмет алушылар арасындағы қашықтықты сақтау үшін ғимарат кіреберісіне таңбалар сызып қойылды.

HR-мамандары мен тәлімгерлер бейнеконференция байланысы арқылы бөлім мамандарын Мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа форматына (нұсқаулықтар, Хэлп деск және т.б.) оқыту жүргізді. Бөлімдердің үздіксіз жұмысын ұйымдастыру үшін жаңа форматта кадрлардың (мамандар, сондай-ақ басшы құрам) ішкі ауысуы жүргізілді.

Алматы қаласы әкімдігімен ЖОО өкілдерін шақырумен кездесулер өткізіліп (білім беру, денсаулық сақтау, ТКШ және т.б.)ХҚО-ларда енді өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары жұмыс істемейтінін, барлық қызмет  алдын ала брондау бойынша алынатыны және басқасы бар. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңа форматына қатысты жаңалықтары түсіндірілді. Сондай-ақ Open akimat-та, оқу орындарында, медициналық мекемелер мен мемлекеттік мекемелерде өзіне-өзі қызмет көрсету секторларын ұйымдастыру туралы келіссөздер жүргізілуде.

– Бұл өзгерістер Алматы қаласының барлық ХҚО-ларына қатысты ма?

– Иә, Алматыдағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары кезекті алдын ала брондау бойынша жұмыс істейді.

– Қалалық «Автоцондар» қалай жұмыс істейді?

– Бұл жаңа ережелер автоцондарға да қолданылады.

– Оқырмандарға түсінікті болу үшін, ХҚО жұмысының жаңа форматы туралы толығырақ айтып берсеңіз.

– ХҚО-да электрондық қызмет көрсетілмейді деген, қызмет ұсыну тоқтады деген сөз емес. ХҚО қызметкерлері әрі қарай қашықтықтан қызмет көрсететін болады. Фронт-офистер де жаңа форматқа лайықталып, модернизацияланды. Мәселен, Алатау ауданының № 1 бөлімі (Нұркент ш/а. 5/17) Әуезов ауданы (Жандосов көшесі, 51), Бостандық ауданы (Алмагүл ш/а, Хожанов көшесі, 9), Наурызбай ауданы (Шұғыла ш/а. 222/5) Медеу ауданы (Марков к-сі, 44), Түрксіб ауданы (Рихард Зорге к-сі, 9-үй) және № 1 Мамандандырылған ХҚКО(Саялы ш/а., Аққайнар көшесі, 1) фронт-офистері  колл-орталық және бейнеқоңыраулар қабылдау орталықтары болып қайта жабдықталды. Оларда барлығы 169 жұмыс орны ұйымдастырылды, 50 колл-орталық, 119 бейнеқоңырау қабылдау операторлары.

Электрондық мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай алу мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін 48 жұмыс орнына операторсыз 2 цифрлық ХҚКО ұйымдастырылды.Онда көрсетілетін қызметті алушыларға порталға тегін негізде кіру мүмкіндігімен ұйымдастыру техникасы (жеке компьютерлермен, веб-камералармен және қосалқы құралдармен жабдықталған) ұсынылатын болады.

Бұл – Алмалы ауданының № 1 фронт-офисі (Сүйінбай даңғылы 2, 4 корпус) және Алатау ауданының №2 фронт-офисі. (Әйгерім ш/а., В. Бенберин көшесі, 89).

Сонымен қатар, халыққа қолайлы болу үшін қазіргі уақытта медициналық және білім беру ұйымдарында, сауда-ойын-сауық орталықтарында, екінші деңгейдегі банктер мен өзге де ұйымдарда Электрондық үкімет порталына кіру нүктелерін орнату мәселесі пысықталуда. Қазіргі уақытта филиал фронт-кеңселерден тыс өзіне-өзі қызмет көрсету секторларын орналастыру мәселесін келесі мекемелермен келісім жасады: әкімдік жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, екінші деңгейдегі банктерде, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, «Нұр Отан» партиясы кеңселерінде, 8 сауда орталықтарында, автосалондарда, медициналық ұйымдарда, және «Car city», «Нұр-Сәт»  сияқты базарларында.

– ХҚО-лардағы жеңілдік терезелеріжайлы айтсаңыз? Кімдерге арналған?

– Азаматтардың үш санаты ХҚО-да жеңілдетілген электронды қызмет ала алады. Бұл-зейнеткерлер, көп балалы отбасылар,мүмкіндігі шектеулі адамдар. Олар үшін әрбір фронт-офисте жеңілдетілген терезе жұмыс істейтін болады.

– Жеңілдік терезелерінен қызмет алатындар да кезекті брондап келе ме?

– Иә. олар  да ХҚО-ға келмес бұрын кезегін алдын ала брондау қажет, алайда олар жеке кезек бойынша өтеді.

– Данияр Батанұлы, осы алдын ала жазылу туралы егжей-тегжейлі айтып беріңізші.

– ХҚО-на алдын ала жазылу арқылы немесе басқаша айтсақ брондап барып келу керек. Мәселен, Сіз 1414 нөміріне қоңырау шаласыз, оператор сізді ХҚО-ға келу мақсатыңызды жазып, уақыт тағайындайды. Мұндай әдіс, әрине, жақсы емес, бірақ ыңғайлы. Сіз өзіңіздің нақты уақытыңызды білесіз және күтіп уақыт кетірмейсіз.

ХҚО-ға бару уақытын екі жолмен брондауға болады. Біріншісі-1414 Call-орталығына хабарласу, қоңырау шалу тегін. Бұл нұсқа электрондық үкімет порталын пайдалана алмайтын егде адамдар үшін өте жақсы. Айта кетейін, мобилді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірінен қоңырау шалу керек және ол  азаматтың ЖСН нөмірі сәйкес болуы керек. Егер адам әлі мобильдік азаматтар базасында тіркелмеген болса, алдымен Call-орталығының операторларына тіркелу туралы өтініш беру керек. Одан әрі ХҚКО-ға бару уақыты айтылады, телефонға тиісті SMS-хабарлама келеді. Белгіленген уақытта ХҚКО-ға келіп (15 минутқа ерте) 1414-тен келген SMS-хабарламаны көрсетуі қажет.Бронь барысында тіркелген ЖСН иесі ғана электронды кезекті пайдалана алады.

Екінші әдіс ­– egov.kz. порталындағы арнайы сервис арқылы кезекке тұру. Ол үшін Сіз мобильді азаматтар базасында тіркелген болуыңыз керек. Алдын ала жазылу онлайн-қызметі телефон нөмірі бойынша SMS хабарламамен келеді. Бұл үшін электронды-сандық қолтаңба қажет емес. Бір кездері ХҚО қызметкерлері сізді мобилді базада тіркегені есіңізде болмаса, оны тексеру оңай. Жай ғана электрондық үкімет порталына кіріп, «сервистер» бағанында «азаматтардың мобильдік базасында тіркеудің болуын тексеру» бағанын таңдайсыз. Содан кейін өзіңіздің ЖСН нөміріңізді енгізсеңіз, жүйе бірден нәтиже береді.

– Егер адам мобильдік азаматтар базасында болмаса қалай тіркелуге болады?

– Ол үшін адам порталдың төменгі оң жақ бұрышында орналасқан «Виртуалды ассистент» батырмасын басып, қалаған тілді таңдау қажет. Осыдан кейін ассистенттің төменгі панеліндегі белгішеге және «бейнеқоңырау» бастырмасына басу керек.

Сізге ХҚО операторы қоңырау шалып, өзіңіздіңжеке куәлігіңізді бейне байланыс арқылы көрсетуді, ЖСН, телефон нөмірі мен SMS-кодын айтуды сұрайды. Мобильдік азаматтар базасында сәтті тіркелгеннен кейін, портал бетін жаңартып, ЖСН-ді қайта енгізуіңіз қажет.

 – ХҚО-ға бару үшін порталда кезекті қалай брондауға болатынын көрсетіп бересіз бе?

– Әрине. Бұл бойынша арнайы бейне нұсқаулық та бар. Алдымен электрондық үкімет порталына кіріңіз, бұдан әрі келесілерді жасау керек:

оң жақ жоғарғы бұрышындағы «кіру» батырмасы бойынша өту;

«бір реттік пароль» кіруін таңдау;

ЖСН енгізу; телефон нөмірін енгізу; SMS кодын енгізу;

басты бетте «ХҚКО кезекті брондау» сервисін таңдау»;

ЖСН енгізу; аймақты таңдау; ХҚО таңдау;

бару мақсатын таңдау (операциялық зал (1 қызмет алу), көтерме терезе (3 және одан көп қызмет), жеңілдікті терезе (зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін), құжаттандыру (төлқұжат, жеке куәлік алу));

алу үшін қызметті таңдау;

келу күнін таңдау;

бару уақытын таңдау;

«Брондау» батырмасын басу;

Сізге ХҚО-ға кезекті сәтті брондағаныңыз  туралы SMS-хабарлама келіп түседі.

– Егер қызмет алушы бронда белгіленген уақытында келе алмай, кешігіп қалса ше?

– Азаматтар қатаң белгіленген уақытта келуі тиіс. Егер белгіленген уақыты өтіп кеткен болса, қайтадан бронь жасауына тура келеді. Сонымен қатар, бронды ЖСН-ы ресімделген азамат ғана пайдалана алады.

Сондықтан, егер сіз туысыңызға порталда алдын ала жазуды ресімдеуге көмектессеңіз – қызметті өзіңізге емес, сол туысыңыздың ЖСН нөміріне рәсімдеңіз.

– Төтенше жағдай кезінде азаматтардың  мемлекеттік қызмет алуға қатысты мәселелері жиналып қалды. Қызмет алушыларға не айтар едіңіз?

Барлықтарыңызды мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуға шақырамыз. Порталда ресімдеуге болатын барлық қызметті онлайн тәсілмен рәсімдеңіз. Егер қиындық туып жатса, 1414 нөмірі бойынша телефон шалыңыздар, онда  ХҚО операторлары кеңес береді.

Ал электронды форматта қол жетімді емес «қағаз» қызметтердің клиенттері үшін (мысалы, жеке куәлікті, паспортты ауыстыру, зейнетақы төлемдерін тағайындау), сондай-ақ  egov.kz порталында алдын ала ресімделген қызметтердің нәтижелерін алу үшін, қаладағы барлық ХҚО-ларға және барлық Мамандандырылған автоХҚО-ларға, міндетті түрде алдын-ала онлайн бронь жасап, кезекті белгілеген уақытта келіңіздер.

ХҚО-да қызмет алдын ала брондаусыз көрсетілмейтінін тағы да атап өткім келеді.

 

 

Әңгімелескен, Айнаш ЕСАЛЫ

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ