• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Мамыр, 2020

Қырғыз Республикасындағы ардагерлерді құттықтады

73 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Қорғаныс министрлігінің Елшілік жанындағы әскери атташесі полковник Атан Әбілдаев дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлерімен бірге қазақ диаспорасының өкілдері болып табылатын ардагерлер - Абдулхалик Гайсиннің және Сапура Сеитованың отбасыларында қонақта болды.Жеңіс күнінің құрметіне ардагерлерге естелік сыйлықтар мен азық-түлік жиынтығы берілді.Сондай-ақ, Елшілік қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшісі Қайрат Нұрпейісовтің құттықтау хаттын табыстап, оларға мықты денсаулық, бейбітшілік және ұзақ ғұмыр тіледі.