«Нұр Отан» партиясының XV съезіне делегаттар тізімін партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев бастады
Кеше «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының XVIII конференциясында Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев партияның XV съезінің алғашқы делегаты болып сайланды.
«Нұр Отан» партиясының XV съезіне делегаттар тізімін партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев бастады
Кеше «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының XVIII конференциясында Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев партияның XV съезінің алғашқы делегаты болып сайланды.
Кеше Астанада «Нұр Отанның» қалалық партия конференциясы өткізілді. Онда «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы «Нұр Отан» партиясының жаңа міндеттері, «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» жаңа Саяси доктринасы талқыланды.
Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Астана қаласының әкімі, партияның Астана қалалық филиалының төрағасы Иманғали Тасмағамбетов, Парламент Сенатының депутаты Владимир Редкокашин, Парламент Мәжілісінің депутаты Надежда Петухова, Астана қалалық мәслихатының депутаттары, қалалық филиал бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия активі, «Жас Отан» жастар қанатының Астана қаласындағы жас белсенділері қатысты.
Астанадағы партиялық конференция республика көлемінде «Нұр Отанның» XV съезіне делегаттар сайлаған алғашқы өңірлік конференция болды. Осындай конференциялар Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізіледі деп жоспарланған және апта соңында съезд делегаттарының қорытынды тізімі қалыптастырылатын болады.
Жалпы, Астана қалалық филиалынан партия съезіне 100 делегат сайланды. Алғашқы делегат ретінде Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев сайланды.
Конференцияға қатысушылар кеше сондай-ақ, «Нұр Отанның» жаңа Саяси доктринасының жобасын талқылады. Оның ішінде Қазақстан Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласына байланысты еңбек адамы ұғымын күшейтуге қатысты ұсыныстар келіп түсті. Сонымен қатар, қатысушылардың пікірінше, партияның стратегиялық құжаты, ең алдымен, қазақстандықтардың өскелең ұрпағына үйлестірілген болуы керек.
Конференция барысында тағы бір көтерілген мәселе №2 сайлау округі бойынша «Нұр Отан» қалалық филиалы тарапынан мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну мәселелері қарастырылады.
2013 жылғы 18 қазанда «Нұр Отан» партиясының XV съезі өткізіледі. Делегаттар саны екі есеге ұлғайып, Қазақстанның барлық өңірлерінен 1200-ге жуық адам қатысады. Съезд екі күнге жалғасады: алғашқы күні секциялық талқылаулар, екінші күні, 18 қазанда партия Көшбасшысы Н.Назарбаевтың төрағалық етуімен пленарлық мәжіліс өткізіледі.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».