• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Мамыр, 2020

Атырау: Әкім майдангерлерді ашық аспан астында құттықтады (видео)

1226 рет
көрсетілді

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов майдангерлер Айдын Айбаров,  Әлібек Түсібәлиев  пен Орынғали Қарасаевты Жеңіс күнімен құттықтау үшін олар тұратын үйдің ауласына барды. Қариялар аулаға шыққан кезде оларды арнайы оркестрдің орындауында  соғыс жылдарындағы  әндер шырқалып тұрды.  

Әкім Жеңіс күнінің бүгінгі ұрпақ үшін маңызына тоқталып, майдангерлерге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыстады.

Сондай-ақ бүгін аймақ басшының тапсырмасымен облыс және қала әкімдерінің орынбасарлары, аудан әкімдері Екінші дүниежүзілік соғыстың куәгерлеріне де Мемлекет басшысының құттықтау хатын тапсырды.

Жеңіс күні қарсаңында Атырау облысындағы  8 майдангердің әрқайсысына 1 миллион теңгеден бір реттік көмек берілді.  Сонымен қатар, наградталған 62 тыл ардагеріне 100 мың теңгеден, наградталмаған 2212 тыл ардагеріне  30 мың теңгеден берілуде. Осы мақсатқа  облыс бюджетінен 81 миллион теңге бөлінген.

 

Соңғы жаңалықтар