• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2013

«Мемсараптама» мәнін арттырған шара

452 рет
көрсетілді

Түрленген Талдықорған бү­гін­­де республикалық деңгейдегі игі шаралар өткізуде де өзіндік ор­нын айшықтаған қала. Соның нақ­ты дәлелі ретінде өткен аптада «Мем­сараптама» республикалық мем­лекеттік кәсіпорны өткізген «Тіл­ге құрмет – елге құрмет» ат­ты рес­пуб­ликалық фестивальді айтуға болады. Қазақстан халқы тілдерінің кү­ні дәстүрлі ша­расы аясында Мемсараптама ұжы­мы биыл үшінші рет ұйым­дастырған додаға 17 облыстан келген командалар қатысты. Бұл фестивальдің ерекшелігі сол – игі шараны өткізетін өңірлік командалар бір жыл бұрын жеребе арқылы анықталады. Сосын, жыл бойы командалар жеңімпаз болуға зор ынтамен дайындалады. Қазақстанда тұратын өзге ұлттардың тілдерін, билерін және әндерді үйренеді, ұлттық кос­тюмдер тігеді. Сөй­тіп жұмыста ұқыптылыққа дағдыланған мем­ле­кеттік сарапшылар мәдени іс-ша­раларға дайындалуда да тиянақ­тылықтарын танытады.

Фестиваль бағдарламасы – кон­курстық «Менің Отаным – Қа­зақ­стан» атты өлеңді көркем тілде оқу, Қазақстан халықтарының өлеңдері мен билерін орындау, халықтар достығы вальсін билеу бойынша үш турдан тұрды. Мемлекеттік сая­сатқа сай ұйым­дас­тырылған фестивальді Ал­маты облысы әкімінің мін­детін атқа­рушы Амандық Бата­лов ашып: «Жетісу өлкесі сөз өнерінің сү­лей­лері Сүйінбай мен Жамбылдың, Ескелді мен Қабылисаның, Ілияс пен Мұқағалидың туған мекені. Сондықтан тілдің қадір-қасиетін айқын ұғынатын біздің өлкемізде мұндай маңызды шараның өтуі аса құптарлық жайт. Бүгінгі күні елімізде үш тұғырлы тіл саясаты жүзеге асырылып келеді. Яғни кез келген сауатты азаматтың қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуі – уақыт талабы. Дегенмен, Елбасымыздың «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді», деп атап көрсетуі мемлекеттік тілдің қоғамдағы орнын айқындап берді. Тіл – халықтың жаны, ана тіліне қамқорлық жасалса халқымыздың салт-дәстүрі жаңғырып, тарихымыз да түгелденіп, мәдениет пен өнеріміз де өрістейді. Сондықтан да біздің облыста мемлекеттік тіл мәселесіне ерекше мән беріледі. Республикада тұңғыш рет Тіл сарайы облыс орталығы Талдықорған қаласында бой көтерді. Өңірдегі аудан, қалалардың бәрінде тіл оқыту орталықтары жұмыс істеп тұр. Барлығы да соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталып, онда қазір мемлекеттік қызметшілер, бюджет саласының қызметкерлері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруде. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту – барша қазақстандықтың, оның ішінде әрбір мемлекеттік қызметшінің басты парызы. Елімізде тұратын этностардың тілін сақтай отырып, мемлекеттік тілді қоғамның барлық саласында дамытуға бәрі­міз де атсалысуымыз керек. Бұл ретте «Мемсараптама» РМК ұйым­дастырып отырған «Тілге құрмет – елге құрмет» атты республикалық тіл фестивалінің жұмысын атап өткен жөн», деді Амандық Баталов.

Фестивальға қатысушылар мәтінді үздік мәнерлеп оқушы; халық әнін үздік орындаушы; үздік концерттік костюм; биді үздік орындау номинациялары бойынша сынға түсіп, жеңімпаздар «Мемсараптама» кәсіпорны басшылығынан сыйлықтар алып, Талдықорған қалалық әкімдігінің грамоталарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Тілдер ко­митетінің мақтау қағаздарымен ма­рапатталды. Биылғы жылы жеңім­паз болған Атырау облыстық коман­дасы келесі жылы «Тілге құр­мет – елге құрмет» атты фестиваль өткізу эстафетасын қ

Соңғы жаңалықтар