• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Руханият 11 Мамыр, 2020

Ардагерлерді құттықтады

312 рет
көрсетілді

Алматы гарнизонының әске­ри қыз­метшілері Қарулы Күштер­дің алматылық ардагерлер ке­ңесінің өкілдерімен бірге Екін­ші дүние­жүзілік соғыстағы Же­ңістің 75 жыл­дығы қар­са­ңын­да соғыс ар­дагерлерінің жағ­­дайларын бі­ліп, мерекемен құт­тықтады.

Қазіргі таңда қалада 200-ге жуық соғыс ардагері мен 14 мың­нан астам тыл майданының қаты­сушылары тұрады. Әскери қызмет­шілер олармен тығыз байланыс­та, хал-жағдайларын біліп отырады, тұр­мыс­тарына көмек көрсетеді.

Жеңіс күні қарсаңында әске­ри қызмет­шілер құттықтап қайтқандар­дың қатарында Алматы және Алма­ты облысының құрметті азаматы,­ «Казахстанская правда» газеті атын­­­дағы халық­аралық майдандық клу­бының президенті, гвардия пол­ков­нигі Леонид Гирш, Қазақ КСР халық әртісі, Мем­лекеттік сыйлықтың  лау­реаты Юрий Померанцев, соғысты басы­нан өткеріп, кейін  қарапайым сарбаздардың ерлік­терін өзінің туын­дыларында бейнелеген жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов те бар.

Сонымен қатар Нұр-Cұлтанда әске­ри қызметшілер  Ұлы Отан соғы­сын­дағы Жеңістің 75 жылдығымен ардагерлерді құттықтап, тұрғын үйлер­дің аулаларында концерттер қойды.

Ұлттық әскери-патриоттық орта­лы­­ғының Орталық ансамблі әртістері патриоттық шығармалар мен соғыс жылдарының әндерін орындады, қала көшелерімен автокөлікпен жүріп өтіп, тұрғын үйлердің аулаларына кіріп, мерекенің басты батырлары – ардагерлер мен жергілікті тұрғындарды құттықтады. Көрермендер қойылған кон­­цертті жақсы бағалап, әскери әртіс­терге алғыстарын білдірді. Одан басқа Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері үйде отырған  арда­герлердің жағдайын сұрап қайтты.