• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2013

Алтын көпірге айналды

230 рет
көрсетілді

Өткен бейсенбі күні Алматы облысының өнер майталмандары мен жұртшылық өкілдері Алматы қаласына келді. Меймандарды алматылықтар ыстық ықыласпен, қарсы алды. Іле-шала Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда облыстың Алматы қаласындағы мәдени күндеріне байланысты баспасөз мәслихаты өткізілді. Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Мұқанов пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәу­реш Аманжолова мәдени күндердің мақсаты туралы айтып берді.

 

Өткен бейсенбі күні Алматы облысының өнер майталмандары мен жұртшылық өкілдері Алматы қаласына келді. Меймандарды алматылықтар ыстық ықыласпен, қарсы алды. Іле-шала Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда облыстың Алматы қаласындағы мәдени күндеріне байланысты баспасөз мәслихаты өткізілді. Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Мұқанов пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәу­реш Аманжолова мәдени күндердің мақсаты туралы айтып берді.

«Өнерім саған – Жетісу» атты халықтық дәстүрлі өнер және өңірдің экономикалық-әлеуметтік жетістігін дәріптейтін көрмелер де көпшіліктің көңілінен шықты. Халық ісмерлерінің шебер қолымен жасалған күнделікті тұтыну бұ­йым­дары, зергерлік сәндік заттар келушілердің қызығушылығын туғызды. Мемлекеттік филармонияда мәдени күндердің ашылуына арналған мерекелік концерт Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрінің даңқты композитордың «Тамаша» толғауымен басталды.

– Алматы қаласы жұрт­шы­лығының жетісулық өнерпаз­дарды ыстық ықыласпен қарсы алуы бізді шабыттандырып, қолтығымыздан демеп жібергендей болды. Өнер дарыған Алматының қонақтарға деген ниетінің ерекше екенін бұрыннан жақсы білетінмін. Бір өзеннің қос қапталында бір-бірімізге демеу болып, жақын араласып жатқан жағдайымыз бар. Елбасымыз әлемдегі өркениетті елу елдің қатарына қосылуымыз үшін әрбір қазақстандықтың үлес қосуы қажеттігін бостан-босқа айтып жүрген жоқ. Алматы облысының бұрыннан еліміздің көшбасында келе жатқанын ешкім жоққа шығармаса керек. Біздің әрқайсымыз еңбекте, қызметте, өнерде болсын, тәуелсіз еліміздің мерейін көтеру үшін қажыр-қайратымызды, білім-қабілетімізді, шалқар шабытымызды жұмсауымыз керек, – деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Мұқанов.

Алматы облысының өнер­паздары Алматыға Жетісу жері­нің жомарттығы мен бай өнер мұрасының інжу-маржандарын тарту еткелі келді. «Құлансаз» фоль­­клорлық-этнографиялық ан­­­самблі мен облыстық фи­лармонияның «Бигбенд» оркестрі, одан бөлек Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының қыз-жігіттері де үлкен өнер бағ­дарламасын көрсетті. Алматы қаласындағы мәдени күндері шеңберінде Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітап­ханасында бір топ жетісулық ақын-жазушылар оқырмандармен жүздесіп, өздерінің шығармашылық жоспарлары туралы әңгімелеп, ой-пікірлерімен бөлісті.

Осы шараға байланыс­ты жетісулық өнер иелері мен жұрт­­шылық өкілдерін Алматы қала­сының әкімі Ахметжан Есімов қабылдап, алғыс айтты.

Алматыға келген жетісулық меймандар қаланың көрікті жерлері мен әсем табиғатын тама­шалады. Жалпы алғанда, облыс пен Алматы қаласы тұр­ғындарының барыс-келіс, өзара қарым-қатынасы осы мәдени күн­дермен шектеліп қалмайды. Ал­дағы кезде де өзара байланыс одан әрі жалғаса бермек.

Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар