Атауының өзі адамның төбе шашын тік тұрғызатын қауіпті індетті жұқтыру әлі тоқтаған жоқ. Бүгін, 11 мамырда сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Атырау облысында коронавирусты жұқтырғандар саны 302-ге жетті.
Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметінше, науқастардың ішінде Теңіз кенішінде жұмыс істеген 231 адам бар. Ал, 113 адам жазылып шықты. Сондай-ақ, 205 пациент хаттама сәйкес әлі де ем қабылдап жатыр.