• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Мамыр, 2020

ЖХЛ-дың ең үздік қақпашысы «Сарыарқадан» кетті

133 рет
көрсетілді

Жоғары хоккей лигасының (ЖХЛ) ең үздік қақпашысы Эдуард Рейзвих Қарағандының «Сарыарқасымен» қош айтысып, Новокузнецкінің «Металлургіне» ауысты.

29 жастағы Омбы қаласының тумасы «Авангард», «Ермак», «Кубань», «Нефтяник» және «Сибирь» клубтарында өнер көрсетті. 2015-2016 және 2018-2019 жылдары «Сарыарқаның» жейдесін киді. Былтыр Рейзвих қарағандылық командамен бірге Петров кубогын олжалады. Айтулы жарыстың ең үздік қақпашысы атағы да дәл сол хоккейшіге бұйырды. Одан бөлек, ол Ресей құрамасы сапында 2008 жылы жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс медалін иеленді.

Биылғы маусымда Эдуард Рейзвих ЖХЛ-дың тұрақты біріншілігі барысында 51 рет мұз айдынына шығып, қақпаға бағытталған шайбалардың 93,0 пайызын кері қайтарды.