• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2013

Қола медаль қуанышы

260 рет
көрсетілді

Қазақстандық грек-рим кү­ресінің шебері Нұрмахан Тінәлиев (суретте сол жақта) Венгрияның астанасы – Будапешт қаласында мәреге жеткен әлем чемпионатында 120 килоға дейінгі салмақта қола медальға қол жеткізді.

Қазақстандық грек-рим кү­ресінің шебері Нұрмахан Тінәлиев (суретте сол жақта) Венгрияның астанасы – Будапешт қаласында мәреге жеткен әлем чемпионатында 120 килоға дейінгі салмақта қола медальға қол жеткізді.

Біздің жерлесіміз біріншілікте үшінші орын үшін таласты алаң иесі – венгр атлеті Михал Дик-Бардошпен өткізіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Айта кету керек, Нұрмахан бұл есепті белдесудің бірінші кезеңінде-ақ қамтамасыз еткен. Ал екінші кезеңде осы артықшылықты сол күйі ұстап қалды. Нәтижесінде қола медальды мойнына тақты. Соның арқасында Қазақстан құрамасының Будапештте бірінің соңынан бірі өткен еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресі сынды сайыс­тарда алған қола медальдарының саны екіге жетті. Мұның алдында бұл биікті 63 килоға дейінгі салмақтағы жерлесіміз Екатерина Ларионова бағындырған болатын.

Осымен Нұрмахан Тінәлиев үшінші мәрте әлемнің қола жүлдегері атанып отыр. Ол бұған дейін 2010 жылы Мәскеуде, 2011 жылы Ыстамбұлда 120 килоға дейінгі салмақта үшінші тұғырдан көрініп еді. Соның ішінде Нұрма­ханның 2010 жылы ширек финалда Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы, әлемнің екі дүркін чемпионы Хасан Бароевты 3:1 етіп жеңіп, оны жүлдесіз қалдырғаны ешқашан ұмытылмайтын айтулы айқастардың бірі болды. Мұның соңынан кубалық Олимпиада чем­пионы Лопеске жол беріп алуы ғана біздің атлетті финалға жет­кізбеді. Есесіне, үшінші орын үшін шайқаста чехтың үкілеген үміті Марк Швецті «шайнап тастаған».

Балуан Нұрмахан Тінәлиевтің бұлардан да басқа спорттық жетістіктері баршылық. Айталық, ол 2010 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен Азия ойындарының чемпионы атанса, 2013 жылы Қазанда жалау көтерген Бүкіләлемдік Универсиаданың қола жүлдесін еншіледі. Сонымен бірге, спорт мамандары арасында қашаннан «кіші әлем чемпионаты» атанып жүрген И.Поддубный атындағы халықаралық турнирдің 2010 жылы Ресейдің Тюмень қаласында үшінші орынды жеңіп алған.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Соңғы жаңалықтар