«Nur Otan» партиясы орталық аппаратының басшысы болып Мәди Оспанов тағайындалды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Мәди Оспанов 1978 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е.Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Оның «Nur Otan» партиясының құрылымында айтарлықтай тәжірибесі бар. 2013 жылдан 2018 жылға дейін партияның заң қызметін басқарды. 2018 - 2019 жылдары «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының басшысы болды.
Осы жылдар ішінде ол Президент Әкімшілігінде, Премьер-Министр кеңсесінде, Есеп комитетінде, Қаржы министрлігінде және т.б. бірқатар қызмет атқарды.
Бұған дейін осы қызметті атқарған Әнуар Өскенбаев отбасылық жағдайға байланысты өз еркімен қызметінен босатылды.