• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Қыркүйек, 2013

Шаралар кешені мақұлданды

252 рет
көрсетілді

 Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

 

Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Отырыс басталар алдында оған қатысу­шы­лар Кеңес Одағының Батыры, Халық Қа­һарманы, Қазақстан Республикасының алғаш­қы Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағам­бетовті бір минут үнсіздікпен еске алды.

– Өткен соғыстың батыры,­ нағыз жауынгер. Тәуелсіздік жыл­дары ол бізбен бірге бол­ды және өз Отанын сүйе­тін, еңбексүйгіштігімен, та­бандылығымен, ержүрек­ті­лігімен ерекшеленген адам ретінде халықтың есінде қалды. Өмірлік тәжірибесімен біздің жас буынды тәрбиелеуге болатын жалпыхалықтық маңызы бар тұлғадан айырылдық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Отырыста геосаяси ортадағы өзгерістерді ескере отырып, Қазақстанның даму стратегия­сына және ұлттық қауіпсіздік жүйесін жаң­ғырту шараларына қатысты мәселелер қаралды.

Қазақстан Президенті қазіргі әлемде қауіпсіздікке төнген қатердің азаймай отырғанын атап өтті. Олардың қатарында терроризм, әлеуметтік кикілжіңдер, жалғасып жатқан экономикалық тұрақсыздық бар. Осы орайда Мемлекет басшысы әлемдегі ахуалды ұдайы назарда ұстап, жағдайға орай ұлттық қауіпсіздік жүйесіне жедел түзетулер енгізу және бейімдеу үшін дер кезінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Отырыс барысында қаралған мәселелер бойынша Президенттің көмекшісі Е.Қазыханов, Президенттің көмекшісі – Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қ.Қожамжаров сөз сөйледі.

Отырыстың қорытындысында Қа­зақстанды өңірлік өзгерістер мен жаһандық ахуалға бейімдеуге, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік жүйе­сін жаңғыртуға бағытталған шаралар кешені мақұлданды. Атап айтқанда, бірқатар институттық, нор­мативтік-құқықтық және ұйым­дастыру шаралары көзделіп отыр.

-----------------------------------------

Суретті түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар