• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Мамыр, 2020

Азық-түлік тауарларының шекті бағасы туралы бұйрықтың күші жойылды

218 рет
көрсетілді

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасы туралы үш министрліктің бірлескен бұйрығы күшін жойды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты Қазақстандағы төтенше жағдай кезеңінде Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 63-НҚ, Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 113 және Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 23 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы» бірлескен бұйрығы күшін жойды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға бағаның өсуіне жол бермеу үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағаларын тұрақтандыру бойынша қолданыстағы құралдар пайдаланылады,- делінген хабарламада.