• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Қыркүйек, 2013

Ырғызбай емші

1713 рет
көрсетілді

Ырғызбай емші, әулие дегенде есіме 1972 жылғы оқиға оралады. Кеңес заманында студенттердің құрылыс отряды деген қозғалыс болды. Ақсуат, Көкпекті аудандарына барған сондай студенттік отрядтың командирі болып қызмет атқардым. Жол түсіп Көкпекті ауданының Большевик совхозына бара жатқанымда, жүргізуші:

– Аға, оң жақта Ырғызбай әулие зираты бар. Соған соға кетсек қайтеді? – деді. Мезгіл кешқұрым уақыт болатын.

Ырғызбай емші, әулие дегенде есіме 1972 жылғы оқиға оралады. Кеңес заманында студенттердің құрылыс отряды деген қозғалыс болды. Ақсуат, Көкпекті аудандарына барған сондай студенттік отрядтың командирі болып қызмет атқардым. Жол түсіп Көкпекті ауданының Большевик совхозына бара жатқанымда, жүргізуші:

– Аға, оң жақта Ырғызбай әулие зираты бар. Соған соға кетсек қайтеді? – деді. Мезгіл кешқұрым уақыт болатын.

– Апақ-сапақта қазақ зиратқа бармаушы еді. Ертең қайтар жолда соғайық, – дедім.

Бұл кезде халық емшісі, әулие дегендер кеңестік идеологияға жат түсініктер болатын. Бірақ та әулие деген сөзге бала кезімнен құрметім болғандықтан, қайтар жолда Ырғызбай емші басына барып зиярат еттік. Сонда тапал тамда шәйнек, ас пісіретін ыдыс-аяқ болды. Әулиенің зиратына кім болсын, ұлтына, дініне қарамай соғып өтеді екен. Егер тоқтамай кетсе, жолаушылардың жолы болмайды деген ел аузында берік түсінік қалыптасқан. Мен жолым түскенде сол дәстүрді ұстап, Ырғызбай әулиеге зиярат етіп жүретінмін.

Енді тәуелсіздік алған кезде ха­лық­тың, ұрпақтарының Ырғызбай әулиенің басына күмбез тұрғызып, мешіт, зиярат етіп келушілерге арнап үй тұрғызуы адамшылықтың, мұсылманшылықтың көрінісі деп бі­лемін. Бүгінгі күні Ырғызбай әулие кешені «Дала даналары» кітап­ха­на­сымен толықты. Осы істің басы-қа­сында жүрген кәсіпкер Қаршыға Ес­кендіровтің еңбегін ерекше айту керек.

* * *

Ырғызбай әулие 1787-1850 жылдары аралығында Тарбағатай өңірінде өмір сүрген әйгілі халық емшісі, әулие, көріпкел. Найман ішіндегі Мәм­бетқұл (қыржы) руынан шыққан. Ырғызбай жасынан емшілікпен айналысып, шипалы шөптерді пайдалана отырып, талай ауруды жазған. Ол сырқаттың тамырын ұстап, алақа­ны­на, тырнағына, бет-әлпетіне қарап аурудың түрін ажыратып, шипалы тамыр-шөптерден дәрі-дәрмекті өзі дайындаған. Сондай-ақ, қолмен сылап-сипау арқылы да ем-дом жасаған. Ырғызбайдың көріпкелдік қасиеті де ерекше болған. Ол алыстан қиналып келе жатқан науқасты күні бұрын болжап біліп отырған. Емделушілерден ақы алмай, берген дүниені жетім-жесірлерге, кедей-кепшіктерге үлестіріп отырған.

Ырғызбай бала жасынан емдік шөптерге үйір болыпты. Ауру-сырқауға көмектесуге тырысқан. Әкесі Досқана сол өңірдегі емшілердің біразымен таныс-біліс, аралас-құралас жүріпті. Ар жақ-бер жақтағы үлкен емшілермен қатынас қағылез балаға елеулі әсер етеді. Ырғызбай табиғатпен сырлас, жандас жүреді, тау-тасты, сай-саланы жалғыз аралайды, тылсым тірліктің құпиясына үңіліп өседі. Кейіннен нағыз емші болып шыққан.

Емші шипалы тамыр-шөптерді жаз, күз айларында әбден толысып-жетілген мезгілде жарғақ құлағы жас­тыққа тимей, күндіз-түні сабылып жинайды екен. Әр шөптің теру тәсілі, сақтауы әр түрлі. Бір шөптер таңғы шық кеппей тұрып жинауды қажетсінсе, енді біреулері кешқұрым алғанды қалайды. Оларды шіліңгір аптапта тамырынан ажырату пайдалы емес, емдік қуаты әлсірейді. Ырғызбай тамырларды, көбінесе, жаңбырдан кейін, қараңғы түсе жұлған. Күн сәулесі түспейтін көлеңкеде, самал есетін, тыныс алатын орында кептірген. Қайсыбір шөптер, тамыр аралас қойылса, қатар жайылса, күшін кеміткен. Ырғызбай емшінің кезінде айтып кетуі бойынша, кейбір шөптер мен тамырлар аралас кептірілсе, сақталса күш-қуатын жоғалтады екен. Ол сол себепті шөп, тамырларды бөлек-бөлек сақтайтын үш қанат күркені алдын ала дайындап, оған сөрелер орналастырған, қапшықтар мен қалталар әзірлеп, оны керегеге іліп қойған. Емшінің шипалы өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын ыдыстары мынандай болыпты: ағаш тостағандар мен шойын шөңкелер, күміс тегештер мен мүйіз тостағандар, аршаға ысталған мойнақ торсықтар мен жез құтылар, емдік майларды сақтайтын сүйек ыдыстар, сұйық және тұнбаларды құятын басқа да қажетті заттар. Дәрі-дәрмектердің мөлшерін анықтайтын нәзік таразысы да болған. Дәрі-дәрмектер дайындау барысында Ырғызбай жылқының қылы мен түйенің шудасын, тарамысты да пайдаланыпты. Бір рет Шәуешек жақтан бір қарт емші оның үйіне келіп Тарбағатайдың теріскейіндегі күн түспейтін сулы қойнауларында емдік қасиеті өте күшті адам бейнелі өміртамыр болатынын, хансулардың оны ж

Соңғы жаңалықтар