• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Мамыр, 2020

FIBA 2023 жылы өтетін әлем кубогінің өтетін уақытын бекітті

186 рет
көрсетілді

Халықаралық баскетбол федерациясының орталық кеңесінің шешімімен жарыстардың өткізілу уақыттары белгіленді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Жарысты өткізетін ел мен FIBA  комиссиясы Индонезия, Жапония мен Филиппинде баскетболдан әлем кубогінің топтық кезеңдері мен Филиппин астанасы Манилде өтетін финалдық кезеңдерді бекітті.

Жарыс тарихында бір уақытта бірнеше елде өтетін дода ретінде бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар, Орталық кеңестің мәлімдеуінше FIBA  2023 жылы өтетін әлем кубогінің ресми сайтын дайындайды. Аталған дода басталғанға дейін тұрақты түрде жаңартылып, нақты ақпараттар таратылып отырады.  

2023  жылғы әлем кубогіне дүниежүзінен 32 команда қатысады деп жоспарлануда.