• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Мамыр, 2020

Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі 12% ұлғайды

160 рет
көрсетілді

Елімізде көлік саласы бойынша нақты көлем индексі 2020 жылдың қаңтар-сәуір айлары бойынша 89% құрады. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан аумағында жолаушылар автобус тасымалдары, оның ішінде қалалық жолаушылар автобус тасымалдары, жолаушылар поездары, тұрақты әуе қатынастары тоқтатылды.

Кейбір кәсіпорындарды карантинге жабу көлік пен логистикаға әсер етіп, жеткізу көлемін және тасымалдауға тапсырыстарды төмендетеді.

Дегенмен, бұл кезеңде Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12% ұлғайып, 211,6 мың жиырма фунттық балама құрады. Оның ішінде Қытай – Еуропалық Одақ – Қытай бағыты бойынша контейнерлер тасымалы 25 % артқан.