• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Мамыр, 2020

Жеңіл атлетика: Биылғы маусымның кестесі жарияланды

249 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік жеңіл атлетика қауымдастығы 2020 жылы өтетін жарыстардың кестесін жария етті.

Бастапқыда мамыр айында өтеді деп жоспарланған құрлықтық турдың кезеңдік сайыстары коронавирустың кесірінен кейінге шегерілгені белгілі. Енді айтулы жарыстың алғашқы кезеңі 11 тамызда Финляндияның Турку қаласында ұйымдастырылады деп көзделуде. Одан кейінгі бәсекелерді Мажарстанның Секешфехервар (20 тамыз), Польшаның Силезия (6 қыркүйек), Чехияның Острава (8 қыркүйек), Хорватияның Загреб (15 қыркүйек) және Кенияның Найробиі (26 қыркүйек) қабылдайды. Жапонияның Токиосы мен Қытайдың Нанжинінде де жарыстар өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар биыл Польшада жартылай марафоннан әлем чемпионаты ұйымдастырылады. Ал World Athletics Series санатындағы өзге бәсекелердің барлығы да келесі жылы өтеді.

Соңғы жаңалықтар