• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Президент 14 Мамыр, 2020

Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеделхат жолдады

1541 рет
көрсетілді

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазіргідей күрделі кезеңде қолдау көрсетіп, гуманитарлық көмек бергені үшін алғыс айтып, жеделхат жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

– Осынау қиын-қыстау кезеңде бауырлас қазақ елінің көрсеткен қолдауын, сондай-ақ, Орталық Азиядағы пандемиямен күреске Қазақстан тарапының қосқан үлесі мен күш-жігерін жоғары бағалаймыз. Екі ел арасындағы достық, тату көршілік, одақтастық және стратегиялық әріптестік алдағы уақытта да өзара түсіністік негізде дами береді деп сенемін, – делінген жеделхатта.

Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, мемлекеттік қызметіне игілік, ал, бауырлас қазақ халқына бейбітшілік пен табыс тіледі.