• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Білім 13 Мамыр, 2020

ҰБТ-2020: өтініш саны рекордтық көрсеткішке жетті

447 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов хабарлады. Жыл сайын ҰБТ-ға мектеп бітірушілердің 70 пайызы өтініш беретін. Биыл бұл көрсеткіш 82 пайызға жетті. Маусым айында өтетін негізі ҰБТ-ға 10 мамырға дейін онлайн режімде 131 мың талапкер өтінім берген. 

– Ақырында жыл сайынғы 70% мәреден өтіп, өтініштердің жалпы саны 131 мың (+15 000) жетті. 

Қалай айтсақ та, онлайн формат көптеген артықшылықтарды береді және ең бастысы: таңдау мүмкіндігі! Оқушының таңдауына ешкім әсер етпей, ҰБТ тапсыруға кедергі бола алмады. 

Оқушылардың ата-аналарына шыдамдылық танытқаны үшін шын ниетіммен алғыс айтқым келеді, өйткені онлайн тіркелу алғаш рет болып, (18 жасқа толмаған балалары бар) ата-аналарға да тіркелуге тура келді.

ҰТО қызметкерлерін, класс жетекшілерін, мектептердің оқу жөнінен меңгерушілерін, ЖОО мен колледждердің жауапты хатшыларын атап өтпеске болмайды. Еш аянбастан әрбір оқушы үшін жаны ашып, көмектескен болатын: өйткені бұл олар үшін де, лайықты түрде еңсерілген, алғашқы онлайн формат еді, – деді Д.Смағұлов.