• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Қыркүйек, 2013

Кәсіпкерге кәсіпкерлік кодекс керек

830 рет
көрсетілді

Бұлай деп бекерге жазып отырғанымыз жоқ. Кәсіпкерлерге қазіргі таңда «Кәсіпкерлік кодексі» керектігі айдан анық. Бірақ ол қандай болуы қажет және кәсіпті қалай жүргізуге әсер етпек деген сауалдар да мазалайтыны рас. Өйткені, елімізді қандай экономикалық ауыртпалықтар баспасын, ол тоқыраудан шығара алатын осы кәсіпкерлік екені белгілі. Ендеше кәсіпкерлерге жан-жақты көмек беріліп, соның ішінде заңдылық тұрғысынан қолдау мен қорғау аса қажет.

 

Бұлай деп бекерге жазып отырғанымыз жоқ. Кәсіпкерлерге қазіргі таңда «Кәсіпкерлік кодексі» керектігі айдан анық. Бірақ ол қандай болуы қажет және кәсіпті қалай жүргізуге әсер етпек деген сауалдар да мазалайтыны рас. Өйткені, елімізді қандай экономикалық ауыртпалықтар баспасын, ол тоқыраудан шығара алатын осы кәсіпкерлік екені белгілі. Ендеше кәсіпкерлерге жан-жақты көмек беріліп, соның ішінде заңдылық тұрғысынан қолдау мен қорғау аса қажет.

Әрине, тәуелсіздік алғанымызға аз уақыт болса да, саясат пен экономикада ғана емес, Елбасымыздың арқасында барлық жағынан биік белестерге жетіп, қазақелінтөрткүлдүниегетанытыпкелеміз. Қазақстан қазіргі Конституция аясында әлемдік қоғамдастықтан өз орнын тапқан дербес елге айналды. Онда Қазақстан халқына қажетті ішкі-сыртқы факторлардың барлығы да қарастырылған. Мемлекет басшысы ұстанған сара саясат өзінің мазмұндық құрылымының, идеялық бағытының дұрыстығы арқасында Қазақстанның дамуына жол ашты. Ол Қазақстанның кәсіпкерлігіне де оң ықпалын тигізуде.

Ал Қазақстандағы кәсіпкерлікті әлемдік деңгейге жеткізу, оның барынша қарқынмен дамуына жағдай жасау қазіргі қоғам алдындағы бас­ты міндеттердің бірі. Осы орайда еліміздің зиялы азаматтары «Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің» жобасын жасады. Аталған жоба заң ғылымдарының докторы, профессор Т.Қаудыровтың басқаруымен жүзеге асқанын айта кету керек. Сондай-ақ аталған жұмыс тобында Азаматтық-құқықтық зерттеу институтының ғылыми қызметкері Б.Игенбаеваның да өзіндік қолтаңбасы бар десек артық айтқандық емес.

Бұл жобада кәсіпкерлік саласындағы қордаланған құқықтық актілердің барлығын бір арнаға тоғыстыру мақсаты көзделген. Қазіргі таңда кәсіпкерлік туралы заңнамалардың әртүрлі салаларға бағытталған заңнамалық актілерден тұратыны жасырын емес. Осы мәселені шешу мақсатында, оны біріздендіру үшін осы жоба қолға алынды. Жоғарыда аталған кодекс аясында кәсіпкерлік қызмет пен кәсіпкерлік қарым-қатынастың барлық өзекті мәселелері шешілмек. Ал оны жүзеге асыруға құқықтарымыз бен бостандықтарымызды қорғайтын Ата Заңымыз кепіл болмақ, дейді Азаматтық-құқықтық зерттеу инсти­тутының директоры Қазақ Мемлекеттік заң университетінің профессоры Төлеш Қаудыров.

Оның айтуы бойынша, аталған Кәсіпкерлік кодексінде кәсіпкерлік қызметті, кәсіпкерлік туралы жалпы нормаларды, кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қызмет ету жағдайын қарастыра отырып, мемлекеттік реттеу блогына басымдық берілмек. Осы жобадағы барлық реттеулер заман талабына сай, құбылмалы саяси-экономикалық жағдайға бейім болып табылады.

Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қа­зақстан-2050» Стратегиясы – қа­­лып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елді дамытудың басым бағыттары көрсетілді, соның ішінде ұлттық экономиканың күшін біріктіретін кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау бойынша «Жеке кәсіпкерлік қашанда мемлекетке тікелей пайда әкелетін күш. Сондықтан кәсіпорындар мен стратегиялық маңызды емес қызметтерді жекеменшікке беру қажет. Бұл отандық кәсіпкерлікті дамыту жолында маңызды қадам болмақ», деп айтылған болатын, дейді профессор ойын өрбітіп.

Кәсіпкерлік – тікелей еліміздің экономикасының дамуына ықпал ететін бірден-бір фактор болғандықтан оған баса назар аудару қажет екені айтпаса да түсінікті. Дегенмен, қазіргі уақытта қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Бүгінде бұл мәселенің өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтық экономика да болмайтыны даусыз. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негізгі саласына айналатындығына ешкімнің күмәні жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді.

Қазіргі таңда қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген азаматтар көбейіп келеді. Олар өз кәсіпкерлігін аша отырып, жаңа жұмыс орындарын ұсынады, соның нәтижесінде еліміздегі жұмыссыздық проблемасының бір шеті шешілсе, екінші жағынан ол кәсіпкер өз тауарын немесе қызметін ұсына отырып, елдегі бәсекелестікке де өз ықпалын тигізеді. Сондай-ақ, кәсіпкерлігінен тапқан пайдасынан мемлекетке салық төлеу арқылы елдің экономикалық жағдайының жақсаруына, мемлекеттік бюджеттің толығуына өз үлесін қосады. Ал нарықтық экономикаға өту үшін өндіріс құрылымын түбегейлі түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп, бәсекелестіктің пайда болуына жол ашады. Бәсекелестік бар жерде қашанда сапалылыққа ұмтылыстың болатыны заңдылық. Сондықтан да кәсіпкерлердің заман талабына сай өтімді тауар немесе қызмет көрсетуі қазіргі қоғамға аса қажет. Біз әлемдік тәжірибені негізге ала отырып бұл мәселені меншіктің түрлі формалары негізінде құрылған кәсіпкерліксіз шешу мүмкін еместігін айта аламыз. Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар түсінді, дейді сөз арасында өз ойын білдірген Азаматтық-құқықтық зерттеу институтының ғылыми қызметкері Б.Игенбаева.

Жалпы, жоғарыда айтқанымыздай, Елбасы кәсіпкерлікті қолдау мақ­са­тында бизнеске жасанды жолмен ке­дергі келтіріп отырған мемлекеттік ше­неу­ніктерді барынша қатал жауап­кершілікке тартудың жаңа жүйесін қарастыруды, шағын және орта іскерлік сегменттерге салмақтың көлемін арттырмастан, микро, кіші, орта және ірі бизнестер мүдделерін шынайы шектеуге бағытталған заңнамаларға өзгертулер енгізу және тағы басқа да тапсырмалар жүктеген еді. Осы орайда кәсіпкерлік барынша қарқынмен дамығаны рас. Дегенмен, оны реттеп отыратын бірізді кәсіпкерлік саласындағы кодекстің қажет екенін уақыттың өзі дәлелдеп отыр дегіміз келеді, дейді Т.Қаудыров.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар