Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына «Uniao Planetaria» медиахолдингінің президенті, «TV Supren» телеарнасының бас директоры Улиссес Риедельден хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына «Uniao Planetaria» медиахолдингінің президенті, «TV Supren» телеарнасының бас директоры Улиссес Риедельден хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
«Бірыңғай ғаламшар» қоғамдық бірлестігіне де жетекшілік ететін У.Риедель өз хатында 2013 жылдың 29 тамызында Қазақстанның Бразилиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен бүкіл әлем бойынша ядролық сынақтардың құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу рәсіміне қатысқаны туралы мәлімдеген.
«Осы орайда, Сізді «АТОМ жобасы» жұмысының табысты жүргізілуімен, сондай-ақ өз еліңіздің аумағында ядролық қаруды сынауды толық тоқтатуға бағытталған дана күш-жігеріңіз үшін шын жүректен құттықтауыма рұхсат етіңіз», – делінген хатта.
Автор ядролық қарусыздануға қол жеткізуге бағытталған мұндай науқанның аса маңызды екенін де атап өткен. У.Риедель мемлекеттердің, халықтардың және нәсілдердің бірлігін нығайту арқылы әлемдік, бауырластық және ынтымақтастық өркениеттің моделіне ие болатынымызға тоқталған.
Хат соңында У.Риедель Мемлекет басшысын «Бірыңғай ғаламшар» бірлестігінің ақпараттарды тарату және бүкіл әлемде ядролық қаруды жою ісінде өзге де көмегін көрсетуге жан-жақты атсалысуға дайын екендігіне сендіреді.