Кеше Қазақстан Премьер-Министрі Серік Ахметов Астанаға Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына келген Ресей Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен, Қырғызстан Премьер-министрі Жанторо Сатыбалдиевпен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кеше Қазақстан Премьер-Министрі Серік Ахметов Астанаға Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына келген Ресей Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен, Қырғызстан Премьер-министрі Жанторо Сатыбалдиевпен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Ресейлік әріптесімен кездесуде С.Ахметов Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының көкейкесті мәселелері бойынша екі ел арасындағы байланыстардың белсенділігін, Кеден одағы шеңберіндегі мәселелердің жедел шешілетіндігін атап көрсетті.
Д.Медведев те екіжақты байланыстардың табыстылығы мен ырғақтылығын атап өтті.
Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастар табысты және ырғақты дамуда, деді Ресей Үкіметінің басшысы.
Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың көкейкесті мәселелерінің кең ауқымы бойынша пікір алмасылды. Атап айтқанда, көлік, энергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды. Сол сияқты КО жағдайындағы өзара іс-қимылдарды дамытудың көкейкесті мәселелері де әңгіме өзегіне айналды.
Қырғызстан Премьер-министрі Жанторо Сатыбалдиевпен кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы көлік транзиті, су-энергетика, отын секторындағы, шекара бойы ынтымақтастығындағы Қазақстан-Қырғызстан екіжақты байланыстарын одан әрі нығайту мәселелері қаралды.
2012 жылдың қорытындысы бойынша сауда-экономикалық тауар айналымы көлемі миллиард доллардан асты, – деді С.Ахметов. Сондай-ақ, ол өзара сауданы одан әрі арттыруда үлкен әлеуеттің бар екендігіне назар аударды.
Өз кезегінде Ж.Сатыбалдиев мемлекетаралық уағдаластықтарды табысты жүзеге асыру үшін зор мүмкіндіктерге ие әріптестік байланыстарды белсенді арттыра түсу қажеттігіне тоқталды.
Осы күннің екінші жартысында Премьер-Министр Серік Ахметов Беларусь, Украина үкіметтерінің басшылары Михаил Мясниковичпен және Николай Азаровпен кездесті.
Беларусь Премьер-министрі М.Мясниковичпен кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты қызметтестікті кеңейту мәселелері қаралды. Тараптар сол сияқты Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберіндегі өзара іс-қимылдардың көкейкесті мәселелерін де талқылады.
Украина Премьер-министрі Н.Азаровпен кездесу барысында сауда-экономикалық қатынастардың шешуші бағыттарын дамытуға назар аударылды. Үкімет басшылары Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссия қызметінің белсенділігін арттыру қажеттігін атап өтті.