• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Қыркүйек, 2013

Еңбек көші-қоны заңдастырылады

271 рет
көрсетілді

Кеше палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс бірқатар заң жобаларын жұмысқа қабылдап, жаңа заң актілерін мақұлдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

 

Кеше палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс бірқатар заң жобаларын жұмысқа қабылдап, жаңа заң актілерін мақұлдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Палата айрықша жағдай­лар­да Бірыңғай кедендік тариф­тің мөлшерлемелерінен ерек­ше­ленетін кедендік әкелу баж­дарының мөлшерлемелерін қол­дануға қатысты түзетулерді жұ­мысқа қабылдады. Құжат Бір­ыңғай кедендік тарифтің мөл­шер­лемелерінен ерекшеленетін им­порттық кеден баждарын біржақты тәртіппен қолданудың барынша ұзақ мерзімін белгілеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Мәжіліс Қазақстан мен Тәжікстан үкіметтері арасын­дағы Өтеусіз әскери-техникалық кө­мек көрсету туралы келісімді ра­тификациялау туралы заң жоба­сын жұмысқа қабылдады. Құжатқа сәйкес, Қазақстан тарапы Тәжікстанға түрлі әскери мүлік­терді өтеусіз беру түрінде өтеу­сіз әскери-техникалық көмек көрсетеді.

Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары мақұлдаған тағы бір құжат қосарланған салық салуды болдырмау туралы Қазақстан-Люксембург үкіметаралық кон­венциясын ратификация­лау туралы заң жобасы болды. Ол бойынша Уағдаласушы мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің резиденттері болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың табысы мен капиталына қосарланған салық салуды жою көзделеді. Конвенцияда, сондай-ақ, табыстың пайда болу мемлекетінде төмендетілген мөл­шерлемелер бойынша дивиденттерге, пайыздарға және роялитиге салық салынуы мүмкін ережелер көзделген.

Құжаттың мақсаты – салықтық жалтаруға жол бермеу үшін Қа­зақстан мен Люксембургтің құзы­ретті органдары арасында ақпарат алмасуды жүзеге асыру процесін регламенттеу.

Сонымен бірге, халық қалаулы­лары еңбек көші-қоны жөніндегі заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасының басты мақсаты еңбекші көшіп-қонушыларды заңдастыру болып табылады. Сондай-ақ, жеке тұлғалардың шетелдік жұмыс күшін тартуына рұхсаттар беру тәртібі оңайлатылатын болады.

Заң жобасын қабылдау көші-қон бақылауының тиімділігін арттырып, бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар