• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Елорда 14 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтанда карантин жағдайында мейрамханаларды ашуға дайындық қалай жүруде

174 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда әкімдіктің мобильді тобы СЭС қызметкерлерімен бірлесіп, кәсіпорындардың жұмысын қайта бастауға дайындығын тексерді. Сапар барысында олар СОСО, қонақ үйлер, базарлар, мейрамханаларды аралады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нысандар барлық қызметкерлер мен келушілер үшін қатаң санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз етуге міндетті.  

«Бизнес басшылары өз қызметкерлерін жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті: бұл медициналық маскалар, қолғаптар, егер жұмысқа қажет болса қалпақтар мен халаттар. Келушілер арасында 2 метр қашықтық сақтауды бақылау маңызды. Сондай-ақ кіру және шығу кезінде қолды өңдеуге антисептиктер болуы тиіс», – деп атап өтті инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмурзаев.  

Елордалық кәсіпкерлерді санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырады. Өйткені жұқтыру қаупі әлі де сақталады.  

«Карантин талаптарына байланысты, қызметкерлер жұмысқа келгенде, біз дене температурасын өлшеп, журналға жазамыз. Содан кейін оларға жаңа медициналық маскалар мен қолғаптар, бас киімдер мен халаттар беріледі. Әр сағат сайын бактерицидті шамдарды қосамыз. Қазір бізде аспаздардың саны шектеулі. Біздің курьерлеріміз әр жеткізуден соң сөмкені міндетті түрде антисептикпен өңдейді», – деді елорда мейрамханаларының бірінің директоры Аида Әділбаева.  

Кейбір кәсіпкерлер қолданылған маскалар мен қолғаптарға арналған арнайы урналар және барлық келушілердің дене температурасын жанаспай өлшеуге мүмкіндік беретін температураны калибрлейтін инфрақызыл камералар орнатты.  

«Барлық кіреберістерде антисептик орнатылды. Сауда орталығына бетпердесіз кіру шектелген. Температураны жанасусыз өлшейміз. Пилоттық нұсқа ретінде температура калибрлеу инфрақызыл камералар, сондай-ақ жеке қорғану құралдары үшін арнайы урналар қойылды». Келесі рұқсат ету кезеңдерін күтудеміз» – деді «Ханшатыр» СОСО операциялық директоры Темірбек Шоқанов.  

Сондай-ақ тексеру барысында кәсіпкерлер кәсіпорын жұмысын біртіндеп қалпына келтіру бойынша өз ұсыныстарын айтты. Ұсыныстар қаралатын болады.