• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Мамыр, 2020

Алматы: Пара алған полицей сотталды

336 рет
көрсетілді

Карантин кезінде талап пен тәртіпке қайшы іс-әрекеттер орын алмай жатқан жоқ. Қалаға жасырын жолмен алып кіру, басқа да Төтенше жағдай талаптарына сай келмейтін әрекеттер көптеп кездесті. Алматы қаласының  кіреберіс қақпасындағы  блок-бекеттердің бірінен өткізу үшін пара алған полиция қызметкері темір торға тоғытылды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі, аға тергеуші Данияр Бекайдаров баспасөз мәслихаты барысында айтып берді

– Ағымдағы  жылдың 5 мамырында Алматы қаласының Әуезов аудандық сотының үкімімен қалалық Полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің инспекторы Б.Қ.Тыныштықбаев 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған, сонымен қатар, мемлекеттік қызметте өмір бойы еңбек ету құқығы берілмейді. Ол ТЖ кезеңінде фильтрациялық блок-бекеттен кедергісіз өткізу үшін азаматтардың бірінен 20 мың теңге пара алған, – деді Данияр Бекайдаров.