• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Саясат 15 Мамыр, 2020

Отандық бизнес үшін орынды ұстаным

221 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында елімізде төтенше жағдайдың аяқталғаны туралы хабарлады. Бұл жаңалықты халықтың күткені анық.

Алайда жағаны кеңге салатын уақыт әлі келген жоқ. Індеттің қайта таралу қауіптілігі әлі де жо­ғары. Сон­­­дықтан әзірге каран­тиндік шара­­­ларды сақтай тұруы­мыз керек. Кей­бір елдер каран­тинді жұм­сар­та­­мыз деп ауру санын арттырып жа­­тыр. Сондық­тан олардың жағ­дайы­­нан сабақ алуымыз орынды деп білемін.

Жалпы карантин еліміздің медицина саласына ауыр жүк түсір­меу үшін қажет болды. Ал қазір тө­тенше жағдай режімін тоқтатуға не түрткі бо­лып отыр? Елде шағын және орта бизнес біраз дағдарысқа ұшы­ра­ған­дықтан, оларға көмектесу үшін төтенше жағдайды алып тас­тау қажет­тілігі де туындады. Қатаң ка­ран­тин кезінде стратегиялық ірі өнер­кәсіптер анау айтқандай зиян шеге қоймады. Табысынан қа­ғыл­­ған негізінен қызмет көрсету сала­­сындағы шағын кәсіпкерлер болды.

Бүгінгі күні Қазақстанда халық­тың басым бөлігі – өзін өзі жұмыс­пен қамтығандар немесе қызмет көрсету саласында табыс тауып жүргендер. Енді оларға қолдау артады. Оларға қатысты Мемлекет басшысы:

– Экономиканы несиелеу­ге банктердің мүмкіндіктерін кеңей­­тетін қосымша уақытша пруден­циалды шаралар кешенін әзірлеу керек. Микро әрі шағын кәсіп­керлікке жекелей назар ауда­ру керек. Олардың толыққанды стан­дартты банктік өнімдерді пай­далану мүміндіктері тым шектел­ген. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында шағын бизнес үшін арнайы шараларды қарастыруды тапсырамын, – деді.

Алдағы уақытта елімізде орта және шағын кәсіптің жағдайы қайта оңалуға Үкімет пен «Атаме­кен» аталған бағытқа қолдау жасай­тынына сенімдіміз. Және бұл ба­ғытты жандандыруда нақты тапсырма беріліп жатыр.

Осының бәрін қорыта келгенде, елдегі төтенше жағдайды тоқтату туралы шешім орынды. Дегенмен қазақстандықтар әлеуметтік сақтық шараларын ұмытпауы тиіс.

 

Сапарбек ЖОБАЕВ,

экономист