Бүгін Халықаралық отбасы күніне орай, Kazakһ cinema ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы қызметкерлерінің балалары ақ халатты батырларға ән арнады.
Жүрекке жылы, әсерлі бейнеролик арқылы Қазақстан дәрігерлерін Халықаралық отбасы күнімен құттықтады. Әр жастағы ұл-қыздар ата-аналарының, аға-інілері мен апа-сіңлілерінің өмірлерін сақтау үшін ауыр да қауіпті жұмысты атқарып жүрген медицина қызметкерлеріне алғысын ән сөздерімен жеткізді.