Діннің діттегені – бүлік емес, бірлік екенін ізгі ниетті адамдар айтудай-ақ айтып келеді. Өйткені дін – адамгершілік, мейірім, ізгілік пен имандылықтың адамзатты алға жетелейтінін уағыздайды. Бірақ соған қарамастан «бүйректен сирақ» шығарып, теріс жолға бұра тартатындар бүлікшіл әрекеттерін қояр емес. Сондықтан мұндай келеңсіздіктерге жол бермеу, оның алдын алу мақсатында Орал қаласында «Діни экстремизм: мәні және қарсы тұрудың түйткілді мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.
Діннің діттегені – бүлік емес, бірлік екенін ізгі ниетті адамдар айтудай-ақ айтып келеді. Өйткені дін – адамгершілік, мейірім, ізгілік пен имандылықтың адамзатты алға жетелейтінін уағыздайды. Бірақ соған қарамастан «бүйректен сирақ» шығарып, теріс жолға бұра тартатындар бүлікшіл әрекеттерін қояр емес. Сондықтан мұндай келеңсіздіктерге жол бермеу, оның алдын алу мақсатында Орал қаласында «Діни экстремизм: мәні және қарсы тұрудың түйткілді мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.
Аталған шараны өткізуге облыстың діни ахуалына жүргізілген талдау бойынша, қоғамда әлі қалыптасып үлгермеген 17 мен 25 жас аралығындағы тұрғындар арасында дәстүрлі емес діни ағымдарға еліктейтін кейбір жастардың бар екендігі болып отыр. Сондықтан осы мәселенің өзектілігіне байланысты конференцияны өткізу қажеттілігі туындады. Бұл бағытта Орал қаласындағы үш ЖОО-да секциялық жұмыстар жүргізіліп, орталық алаңда «Жастар секталарға қарсы!» ұранымен 2500-дей студент қатысқан флэш-моб өткізілді, дейді Батыс Қазақстан облысы прокурорының міндетін атқарушы Әспенби Жарылғасов.
Батыс Қазақстан облысының құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінің шешімін орындау мақсатында облыстық прокуратураның бастамасымен, облыс әкімдігінің қолдауымен өткен бұл жиынға еліміздің бірқатар теолог мамандары, ЖОО ректорлары, студенттері, құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жалпы алғанда, біздің елімізде әр азаматқа дінді таңдау еркі берілгендігі белгілі, ол заң шеңберінде реттелетін мәселе. Тарихи тұрғыдан алып қарағанда әдет ғұрпымыз бен салт-дәстүрімізді сақтап, Құдайға сену арқылы дінімізді берік ұстап келе жатқан халық екендігіміз баршаға аян. Еліміздің басына қиын-қыстау күн туған шақта да небір тығырықтан ақсақалдар кеңесінің, билер мектебінің, ел басқарған хандарымыздың қара қылды қақ жарған жарғысы мен әділ төреліктері арқылы шығып отырдық. Ал қазіргі көзқарас, бүгінгі өмір талабы бізге ерекше міндеттерді жүктеп отыр. Әлемде сан түрлі дін болса да әрбір тұлға өз бағытын айқын анықтауы тиіс. Сондықтан мемлекетімізде тыйым салынған діни ағымдардың бағытына бұрылмай, жат көзқарастың жетегіне ермей, көшіміздің керуенін имандылыққа бұруымыз қажет, дейді ойын одан әрі өрбіткен Ә. Жарылғасов.
Ал Атырау облысындағы «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының директоры, теолог-исламтанушы Әміре Ерсін уахабилік-салафилік ағым турасында: «Осындай бұрмаланған әрі бұзық тәлімді бойына сіңіріп алған жастардың жүзінен суықтық, көздерінен қатыгездікті анық байқайсыз», деп нақты мысалдарды келтіреді. Мәселен, жұма намаздарында «жүрегіме күмән кіріп, адасып кетпейін» деген үреймен олар мешіттерде ҚМДБ имамдарының айтатын уағыздарын тыңдамау үшін құлақтарына тыңдағышты тағып алып, өз көсемдерінің уағызына ғана ден қойып отыратын жастарды көптеп көруге болады. Бұл жағдайды уахабизмді елімізде насихаттап жатқан жігіттердің пәтуалары отқа май құйғандай ушықтыруда. Осының мысалы ретінде, Сарыағаш қаласының тумасы, ұлты өзбек жігіттің Медина қаласында отырып, интернет арқылы елдегі соңынан ерушілеріне берген мына пәтуасын келтіруге болады. Ол өзіне қойылған «Бидғатшыларға қатысты ұстанымымыз және қарым-қатынасымыз қандай болуы керек? Олармен сауда-саттық секілді дүниелік істерде араласуға рұқсат бар ма?» – деген сұрақтарға, «Бидғатшылармен араласуға қарағанда, иегова куәгерлерімен арал