• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Мамыр, 2020

Джорданның аяқ киімі 560 000 долларға сатылды

433 рет
көрсетілді

АҚШ-тың әйгілі баскетболшысы, Ұлттық баскетбол қауымдастығында өнер көрсететін «Чикаго Буллз» клубының шоқ жұлдызы Майкл Джорданның аяқ киімі аукционда 560 000 долларға сатылды.

Бұл – рекордтық көрсеткіш! Бұған дейін ең қымбатқа сатылған аякимінің құны 437 500 долларды құраған еді. Ол тауар былтыр сатылды. Ал Nike Air Jordan 1 кроссовки одан да қымбатқа өтті. Дәл осы аяқ киіммен Майкл Джордан 1984/85 жылғы маусымда алаңға шыққан.     

Естеріңізге сала кетейік, 57 жастағы Нью-Йорк қаласының тумасының бұл салада бағындырмаған белесі жоқ. Теңдессіз өнеріне тамсанған жан­күй­е­рлер оны «Ұшқын Джордан» деп атай­тын. Ұлттық баскетбол қауымдастығындағы (ҰБҚ) көптеген рекордтық көрсеткіштер дәл осы ойыншыға тиесілі. Оның есімі әлемдік спорт тарихында алытн әріптермен жазулы.

Майклдың баскетболдан бөлек, басқа да кәсіптерде өзін мойындатты. Ол әнші де, актер да, бизнесмен де, шоумен де... Қай салада жүрсе де, халықтың ықыласына бөленді. Әр бастаған ісін дөңгелетіп әкетіп, әркез мол олжаға кенелді. Бүгінгі таңда ол спортшылар қауымы арасындағы әлемдегі ең бай-ауқаттылардың бірі.