2020 жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша су көлігінде бірде-бір көлік оқиғасы тіркелген жоқ. Бұл туралы Көлік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Көліктік бақылау органдары биылғы алғашқы үш айда Қазақстанның теңіз порттарына кірген теңіз кемелеріне 42 тексеру жүргізген. Тексеру қорытындысы бойынша 9 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 137 858 мың теңге айыппұл салынған.
Сондай-ақ аумақтық көліктік бақылау инспекциялары ішкі су көлігі кемелерінің командалық құрамының 39 тұлғасына диплом табыстаған.
Бұл кезеңде ішкі су көлігі кемелерін, шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуді бақылау, сондай-ақ кеме қатынасы су жолдарын тексеру жүргізілген жоқ.