• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Мамыр, 2020

Еліміздің 12 өңірінде дабылды ескерту жарияланды

992 рет
көрсетілді

Бұл туралы Төтенше жағдай комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, жауын-шашын болжамына байланысты Түркістан, Алматы облыстарының таулы аудандарында және Алматы қаласына іргелес аумақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендердегі судың деңгейі көтерілуі күтілуде.   19 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында найзағай, оңтүстік, оңтүстік-батыс жел секундына 15-20 метр күтілуде. Алматы қаласында найзағай, найзағай кезіндегі желдің екпіні секундына 13 метр. Шымкент қаласында найзағай, дауыл. Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ жауады деп күтілуде. Желдің екпіні секундына 15-20 метр. Алматы облысында қатты жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл, бұршақ, найзағай кезіндегі желдің екпіні секундына 17-22 метр күтілуде. Атырау облысында найзағай, дауыл, бұршақ, желдің екпіні секундына 15-20 метр.   Сондай-ақ бүгін Батыс Қазақстан облысында найзағай, дауыл, бұршақ, жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай кей жерлерде секундына 15-20 метр.    Қостанай облысында қатты жаңбыр, найзағай, тұман, желдің екпіні секундына 15-20 метр.    Қызылорда облысында найзағай, дауыл, бұршақ, желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метр.    Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай, жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай секундына 15-20 метр.   Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, тұман, желдің екпіні секундына 15-20 метр, күндіз секундына 25 метр.   Түркістан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтілуде. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метр.   - Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. Дауылды ескертулерде желдің екпіні қатты секундына 15-20 және тіпті секундына 30 метрге жетеді, әр түрлі елді мекендерде қауіпсіздік техникасы бойынша негізгі ережелерді ұстануды ұсынамыз. Шағын қалалар мен мегаполистер жағдайында дауыл мен дауыл кезінде де зардап шегуге болады, - делінген хабарламада.